Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Сентябрь 2019
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Май    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  

Жаңалықтар

РУХАНИ СӘУЛЕТКЕР

Ахметжанов Дастан Галымжанович,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

1-курс PhD докторанты

Алимжанова Алия Шарабековна,

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның

Ф.ғ.к., доцент (ВАК), академия профессоры

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Ғабитов Тұрсын Хафизович – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, мәдениеттанушы. 1947 жылы дүниеге келген Тұрсын Хафизұлы Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Биағаш ауылының тумасы. Толығырақ »

ҚҰТТЫҚТАУ — 80

Аса құрметті Берікбай Сағындықұлы!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Сізді, қазақ тіл білімінің ардақтысын, Қазақстан Жоғары мектебінің көрнекті қайраткерін, сексенге келген мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Сіз 1957 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне (ол кезде – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті) оқуға түсіп, өз заманыңыздың үздік ғұламаларынан тәлім-тәрбие алдыңыз. Республиканың бас газеті «Социалистік Қазақстан» (Қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер болып қызмет етіп, үлкен шығармашылық тәжірибе жинақтадыңыз, маңдайалды стилист болып қалыптастыңыз. Толығырақ »

ҰЛТТЫҚ РУХ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАРАЛЫҚ

Ыбырайым Б., Дәдебаев Ж., Мәдібаева Қ. Ұлттық рух және шығармашылық  даралық (авторлық ауызша поэзия мәселелері). Зерттеу. – Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Ұлағат» баспасы, 2018. – 350 бет.

Редакциялық алқа:

Т.Балықбаев, С.Қирабаев, Б.Сманов, Б.Әбдіғазиев

Пікір жазған:

Т.Әлібеков, филология ғылымдарының кандидаты

ISBN 978-601-298-691-4

  Толығырақ »

«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

 

Фото

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Айтматов академиясының академигі, көрнекті әдебиеттанушы, ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры Жанғара ДӘДЕБАЕВ мемлекеттік «ҚҰРМЕТ» орденімен марапатталды.

Абай ғылыми-зерттеу институты ардақты ғалым-ұстазды, қайраткер басшыны осы Мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс, ұзақ өмір тілейді. Толығырақ »

ДАНАЛЫҚТЫ АБАЙДАН ІЗДЕГЕН БЕКЗАТ ҒАЛЫМ

IMG_7461-16-09-18-02-59

   Ел бірлігі, ұлт болмысы мен рухы, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру, интеллектуалдық сананы көтеру,  бүгінгі қазақтануды таныта білген, болмысынан текті, кемел тұлға. Абайдың өмірдегі, өнердегі, өлеңдегі зиялылығын өмірлік қағидасы тұтқан бекзат жан. Бұл сөздердің бәрі жақында ғана дүниеден өткен абзал жан, ұстаз, ғалым Жақан Молдабековке тән. Толығырақ »

ЗАЙЫРЛЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ИСЛАМДЫҚ ДӘРІС БЕРУ

   Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Құрманалиева А. Д., ф.ғ.д. профессор Борбасова Қ.М. және дінтану мамандығының 2 курс магистранты Орынбеков Н.А. ұйымдастыруымен «Қазақстандағы исламдық білім беру жүйесі: мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстелі өтті. Толығырақ »

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ АУДАРМА ІСІ КАФЕДРАСЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аса көрнекті әдебиетші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектеп Ұлттық  ғылым академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Жанғара Дәдебаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ: ҰЛТТЫҚ КОД ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТАНЫМ» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция ұйымдастырады. Конференция 2018 жылы 23 қарашада, сағ.15.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 15 қабатында өтеді. Толығырақ »

«АБАЙТАНУ» СЕМИНАРЫ ШУ АУДАНЫНДА

img-20180404-wa0002Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының кезекті «Абайтану» ғылыми-әдістемелік семинары Жамбыл облысы Шу ауданының орталығында өтті. Толығырақ »

Абай ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Бішкекте өткен халықаралық семинар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми зерттеу институты Халықаралық Айтматов академиясымен және Қырғызстан Республикасы ҰҒА Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтымен бірлесе отырып 2014 жылы 18-19 сәуірде Бішкек қаласында «Мәдениетаралық коммуникация және компаративистика» атты халықаралық ғылыми семинар өткізді. «Мәдениетаралық коммуникация және компаративистика» атты  халықаралық ғылыми жоба аясында ұйымдастырылған семинар жұмысына Абай ғылыми зерттеу институты тарапынан Ж.Дәдебаев, П.Бисенбаев, Е.Карбозов, С.Дәрібаев, ал Халықаралық Айтматов академиясы, Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институты жағынан бір топ қырғыз ғұламалары қатысты.  Семинарды Қырғыз Республикасы ҰҒА вицепрезиденті, академик  А.Ақматалиев жүргізіп отырды.  бастаған қырғыз  ғалымдары және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бір топ ғалымдары қатысқан ғылыми жиында мәдени және әдеби байланыстардың өзекті мәселелері кеңінен қозғалды.

Еларалық кеңістікте өткенмдастырған халықаралық ғылыми семинар екі елдің ғалымдары үшін де пайдалы болды.  Қатысушыларға сертификат тапсырылды.

Семинар материалдарын баспадан шығару туралы шешім қабылданды.

Л.Мұсалы, ҚазҰУ-дың доценті

 

Семинардың жас ғалымдарға берері мол болды


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасында 2013 жылдың 18 қазанында белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Есембеков Темірғали Оразғалиұлының 60 жылдық мерейтойына байланысты «Мәтін теориясы және әдеби компаративистика» атты жас ғалымдардың республикалық ғылыми-теориялық семинары өтті. Семинарға оқытушылар, докторанттар мен магистранттар, сондай-ақ ғалымның республикамыздың ЖОО-ларында оқытушылық қызмет атқарып жүрген шәкірттері, филология ғылымдарының кандидаттары Ұ. Еркінбай  (С.Демирел университеті), Ә.Толысбаева (Түркістан), Г.Түсіпова (Екібастұз), Е.Адаева,  Л.Дәуренбекова (Астана), т.б. қатысты. Семинарда әдебиеттану мен аударматанудың өзекті мәселелері сөз болды, мерейтой иесінің «Мәтін теориясы және поэтикасы», «Аударма және мәтінтану» атты еңбектерінің бағыттары бойынша баяндамалар оқылды. Ғылыми семинардың  жас ғалымдарға берері мол болды. Толығырақ »