Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Май 2019
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Апр    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

Жаңалықтар

Варшавада Абайдың «Қара сөздері» поляк тілінде жарық көрді

Варшава. 16 маусым. Baq.kz

Польша астанасы – Варшава қаласында Абайдың «Қара сөздері» кітабының тұсаукесері болды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдыновтың сөзіне сілтеме жасаған ҚазТАГ тілшісі хабарлады Без-имени-1

«Варшавадағы Польски театрында өткен тұсаукесерде Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» поляк тіліне аударған Хенрик Янковски оған бұл идеяны жүзеге асыруға ұсыныс жасаған студенттер болыпты. Олар аудиторияларда слайд бойынша материалдармен танысқан екен. Ақырында шәкірттер әлемнің көптеген тілдеріне аударылған Абайдың «Сөздері» неге өздерінің туған тілдерінде жоқ екенін айтыпты», – деді баспасөз қызметкері агенттік тілшісіне.
Оның айтуынша, тұсаукесерге қатысушыларға жаңа басылымның аудармашысы қолынан қолтаңба алудың мүмкіндігі болыпты. Ал сол күні Польски театрында тараздық драматург Бақтияр Әбілдаевтың пьесасы желісі бойынша «Айша биби» спектаклі қойылды. Режиссер Әлия Баймаханова мен Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актерлер труппасы поляк көрермендеріне белгілі сюжеттің қазіргі заманға лайықтанған нұсқасын ұсынған. Онда көре алмас қорқаулардың құрбандары болған Айша биби мен Қарахан арасындағы жарқын да қысқа сүйіспеншілік тарихы баян етіледі. Спектакль қазақ тілінде жүргізілгеніне қарамастан, жергілікті жұртшылық оны өте жылы қабылдапты.
Айта кетейік, маусымның 10-нан бастап Варшавада Жамбыл облысының мәдени күндері өтіп жатыр.

Мұрат Айтқожа.
Егемен Қазақстан

 

АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

2012 жылы 17 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында “Абай және қазіргі заман» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-теориялық конференция (үшінші) болып өтті. Толығырақ »

Онлайн жүйесіндегі алғашқы конференция

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен «Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы биыл Абай ғылыми-зерттеу институтының базасында жаңа электронды тақтамен және инновациялық технологиямен жабдықталған залда өтті. Толығырақ »

Қазақ радиосы мен Абай ғылыми-зерттеу институтының бірлескен жобасы «Абайға көзқарас» тақырыбындағы радиоконференцияcы болып өтті

«Ойдода»

Қымбатты тыңдаушы! Қазақ радиосы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Абай ғылыми-зерттеу институтының бірлескен жобасы бойынша  «Абайға көзқарас» тақырыбындағы радиоконференцияны «Ойдода» хабарының аясында ұсынып отырмыз.
Радиоконференцияға қатысушы ғалымдар:
Абай ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Жанғара Дәдебаев;
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор Өмірхан Әбдіманұлы;
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Аударма теориясы мен методологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор Әнуар Тарақ;
Филология ғылымының докторы, профессор Зейнол-Ғабиден Бейсенғали;
Филология ғылымының докторы, профессор Жұмат Тілепов;
Филология ғылымының докторы, профессор Қанипаш Мәдібаева;
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жолдас Мәмбетов;
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ерхан Кәрбозов;

Махат Садық, Қазақ радиосының директоры:
Абай-ұлт ұстазы. Ғұламаның өлеңін оқысақ, өнеге өріледі, қара сөзіне үңілсек, ұлылықтың үлгісі төгіледі.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті» деген болатын. Заман озып, дәуір жылжыған сайын Абай жаңара береді, жаңғыра береді. Қазақтың қара шаңырағы, ұлттың үнжариясы, 90 жылдық тарихы бар-Қазақ радиосы Тәуелсіздігімздің жиырма бірінші жылын ғұлама, дана, данышпан, философ, хакім, ақын Абаймен аттамақ. Қазақ ұлттық университетінің Абай ғылыми-зерттеу институты мен Қазақ радиосының бірлескен жобасы – «Абайға көзқарас» тақырыбындағы радиоконференция ұйымдастырудағы басты мақсат – жаңа ғасырда Абайды жаңашы ұғып, жаңаша танысақ деген ойдан туған-ды. Әр таңымызды Абаймен атырып, әр күнімізді Абаймен батырсақ ұлттың ұтары көп.
«Ойдода» радиоклубының авторы және радиоконференцияны жүргізген Еділ АНЫҚБАЙ;
«Ойдода» радиоклубының редакторы Ерболат АЙТБАЙҰЛЫ.

«Ойдода»
«Ойдода»
«Ойдода»
«Ойдода»

http://kazradio.kaztrk.kz/kaz/interviu/Ojdoda_id1325236500.html

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты 2011 жылға жоспарланған ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін монография түрінде баспаға ұсынды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты
2011 жылға жоспарланған ғылыми зерттеулерінің
нәтижелерін монография түрінде баспаға ұсынды:

АБАЙТАНУ. АБАЙ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ. БІРІНШІ ТОМ – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 260 бет.
Монография Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында пәнаралық байланыстар аясында орындалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде дайындалған. Кітаптың басында монографиялық зерттеудің методологиялық бағдарлаушысы ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Абай туралы сөз» атты еңбегі арнайы берілді.
Монографияның авторлар ұжымы – уиверситеттің белгілі профессорлары, ғалымдары. Зерттеу еңбек үш бөлімнен тұрады: а) Абайдың антропологизмі; ә) Абайдың шығармашылық айналасы; б) Абайдың психопоэтикасы. Монографияда негізделген тұжырымдар, қағидалар, ойлар мен пікірлер қазіргі абайтану ғылымындағы жаңалық, жаңа білім болып табылады.
Монография абайтану ғылымы саласында маманданушы магистранттарға, докторанттарға және оқытушы-профессорларға, зерттеушілерге арналған.