Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Август 2020
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл   Сен »
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  

25-Август, 2020

Құрметті оқырман!!!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының XLI томы жарық көрді.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының қырық бірінші томында А.М. Картаеваның  «Абай мен Мұхтар Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық» еңбегі берілді. Зерттеуде Абайдың даналық тағылымының Әуезовтің шығармашылық мұрасында жалғастырылуы қарастырылады. Қазақ әдебиетінің алыптары Абай мен М.Әуезовтің шығармашылық әлеміндегі көркемдік тұтастық, рухани тамырластық, дәстүр сабақтастығының сан сала арналары кеңінен сөз етіледі. Екі дананың ойшылдық, қоғамдық, гуманистік, суреткерлік ортақ қырлары ашылып, дүниетанымының өзектері, эстетикалық танымдары, ой тереңдігі, сөйлеу тіліндегі рухани тұтастық пен тілдік үйлесімдері арнайы зерттеледі.

Томға енген еңбек абайтанушыларға, магистранттар мен докторанттарға, Абай мұрасын білмекті парыз тұтқан білім алушы жастарға және көпшілікке арналған.