Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Декабрь 2020
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Ноя   Янв »
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  

16-Декабрь, 2020

«Абай. Таңдамалы даналық сөздер: қабылдау мен зерделеу» атты шығармашылық эссе байқауының жеңімпаздары!!!

  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай–рухани реформатор» мақаласында аталған бағыттарды жүзеге асыру және  жас ұрпақ санасында Абай  аманатын  орнықтыру мақсатында  ЖОО, колледж студенттері мен орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасында «Абай. Таңдамалы даналық сөздер: қабылдау мен зерделеу» атты шығармашылық эссе байқауын өткізді. Байқау АБАЙ ҒЗИ-да орындалып жатқан «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми-теориялық негіздері мен теориялық тетіктері» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында өткізілді. Байқауға республиканың түкпір-түкпірінен қатысқан жас талапкерлер www.abai.kaznu.kz сайтындағы Абай Құнанбайұлының «Даналық сөздерінен» мысал алып, өз тарапынан талдау жасады. Қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы бойынша төмендегі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:

ЖОО студенттері арасында:

1 – орын Мақсұт Аружан, Алматы энергетика және байланыс университетінің 2 курс студенті

2 –  орын Еділ Аяна, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың 2 курс студенті

2 – орын Сейілханқызы Ғазиза, Алматы энергетика және байланыс университетінің 1 курс студенті

3 – орын  Мұратов Қайырхан,  Алматы энергетика және байланыс унверситетінің 1 курс студенті

3 – орын Тілектес Шынар, М.Х.Дулати атындағы  Тараз өңірлік университетінің 3 курс студенті

9-11 сынып оқушылары арасында:

1 – орын Амангелді  Мирас, Алматы қаласы, 148 орта мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы

1 – орын  Қабдырахым Қарақат, Қостанай қаласы, 115 орта мектептің 11 сынып оқушысы

1 – орын Түгелов Жарас, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы Ә.Бейсеуов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы

2 – орын  Рахманова Жанел, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, 115 орта мектебінің 11 сынып оқушысы

2 – орын  Тұраққазы Аққу, Семей қаласы, 35 мектебінің 11 сынып оқушысы

2 – орын Хуан Наурызбек, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көлтабан орта мектебінің 9 сынып оқушысы

3 – орын Бердібек Әділ,  Алматы облысы, Кеген ауданы, Ж.Ермегияев атындағы  орта мектептің 9 сынып оқушысы

3 – орын Қасымақын Фариза, Алматы қаласы, 26 ЖББ мектебінің 9 сынып оқушысы

3 – орын  Саған Іңкәр,  Алматы қаласы, Жетісу ауданы 148 орта мектебінің 9 сынып оқушысы

7-8 сыныптар арасында:

1 – орын Әбдіқадыр Назерке, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы 26 орта мектептің 8 сынып оқушысы

2 – орын Асылбек Ұлту, Өлеңті орта мектебінің 8 сынып оқушысы

2 – орын Бимырза Дамира, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Б.Сырттанов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы

3 – орын Абдықамалов Асқар, Алматы қаласы, М.Базарбаев атындағы мектеп-гимназияның 8  сынып оқушысы

3 – орын Тұрыспаева Айша, Алматы қаласы, 148 орта мектептің 8 сынып оқушысы