Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Февраль 2021
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Янв   Мар »
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Февраль 2021

Құрметті оқырман!!!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында дайындалған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының L томы жарық көрді.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық сериялық басылымының елуінші томы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан», «Абай – рухани реформатор» атты мақалаларымен ашылған. Қазіргі филология ғылымдары саласында өнімді еңбек етіп келе жатқан белгілі, көрнекті ғалымдардың Абай жылында жазылған және дайындалған зерттеулерінің таңдамалылары топтастырылды.

Кітап орта мектептің жоғары сынып оқушыларына, студенттер мен магистранттарға, докторанттарға, қоғамдық-гуманитарлық ғылым салаларында ізденушілерге, мұғалімдер мен оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ көпшілікке арналған.

Құрметті оқырман!!!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында дайындалған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының ХLVII томы жарық көрді.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының қырық жетінші томында А.Қасымның «Абaй және парсы әдебиеті» еңбегі берілді. Зерттеуде Абай мен классикалық парсы әдебиеті ақындарының шығармалары тақырып үндестіктері, идея, композиция, сюжет, бейнелілік ерекшеліктері тұрғысынан қарастырылып, Абай мен парсы ақындарының лирикалық өлеңдеріндегі табиғат, философиялық-дидактикалық, адамгершілік-имандылық және ғашықтық тақырыптағы жырларының үндестіктері мен өзгешеліктері сараланды. Абайдың «Ескендір» поэмасы парсы тіліндегі нұсқалармен, «Әзім әңгімесі» мен «Масғұт» поэмалары фольклорлық туынды – «Мың бір түн» негізінде салыстырыла талданып, олардың сюжеттік ұқсастықтары мен өзгешеліктері, кейіпкерлерді бейнелеудегі ерекшеліктері жүйеленді.

Кітап зерттеушілерге, әсіресе әдебиеттанушыларға, шығыстанушыларға, фольклортанушыларға, студенттер мен магистранттарға, Абай шығармашылығы мен парсы әдебиетіне қызығатын көпшілік оқырманға арналған.

Жамбыл

Жамбыл

Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Мақатаев

Абайтану. Таңдамалы еңбектер. Томдар 1-50.

Абайтану. Таңдамалы еңбектер. Томдар 1-50.

Майкөт Сандыбайұлының шығармашылық мұрасы

Майкөт Сандыбайұлының шығармашылық мұрасы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

«TURKSOY» Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Хәкім Абайдың 175 жылдығы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты вебсайтының бас редакторы, «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» 50 томдық сериялық басылымының ғылыми редакциялық кеңесінің мүшесі, аға оқытушы Пазылбек Бисенбаевты Абай мұрасын зерттеу мен насихаттаудағы жетістіктері үшін «TURKSOY» Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Құрмет грамотасымен марапаттады.

Құрметті ПАЗЫЛБЕК ҚУАНБАЙҰЛЫ!  Сізді осындай жоғары марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!  Зор денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық табыстар тілейміз!

Абай ҒЗИ ұжымы

Абай жылындағы жетістіктер

Абай жылындағы жетістіктер

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы  Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЙҰЛЫ «TURKSOI» Түркі мәдениеті ұйымының Халықаралық АБАЙ медалімен марапатталды!!!

 

Қадірлі ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЙҰЛЫ!

    Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында Абай мұрасын жүйелеу, тану, зерттеп-зерделеуге, абайтану ғылымын дамытуға Сіздің қосқан үлесіңіз аса зор деп білеміз. Абайтану саласында дербес ғылыми-ақпараттық база негізін жасау мақсатында дайындалған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық басылымының 50 томдығының жарық көруі – осының бір ғана дәлелі. Осы бағыттағы тынымсыз да қажырлы зияткерлік еңбегіңіз жана берсін, Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз!

     Абай ҒЗИ ұжымы