Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Март 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Жоба туралы

ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯЛАР

 

Электронды ғылыми конференциялар бүгінде ғылыми-шығармашылық қауымның ақпарат алмасу, пікір алмасу тәжірибесінде  лайықты орнын ала бастады. Абай институты ғаламтор кеңістігіндегі осы тәжірибені өзінің ғылыми-зерттеу және ұйымдастырушылық қызметінде өндіріске енгізіп отыр.

Электронды ғылыми конференциялар өткізудегі басты мақсат — жоғары оқу орындарында білім алушы жастардың ғылыми-зертеу жұмыстарымен айналысуына, ғылыми-зерттеу қабілеттерінің қалыптасуы мен дамуына виртуалды жағдай жасау, оқытушы-профессорларды, ғалым-зерттеушілерді студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми жұмыстарына өнімді жетекшілік жасауға ынталандыру.

Электронды ғылыми конференциялар аясында жарияланған баяндамалардың құндылығы баспаларда кітап, журнал, жинақ беттерінде басылып, жарияланған баяндамалармен бірдей, ал таралымы, тұтынушылар үшін қолжетімділігі жағынан олардан әлдеқайда тиімді.

 

Электронды конференцияларды ұйымдастырушылар

 

Электронды конференциялардың бас ұйымдастырушысы — Абай институты.

Электронды ғылыми конференцияларды мыналар ұйымдастырып, өткізе алады:

—         оқытушы-профессорлар тобы;

—         кафедра;

—         факультет;

—         студенттердің академиялық тобы;

—         студенттердің академиялық курсы;

—         студенттердің шығармашылық тобы, т.б.

Мұндай жағдайда конференцияны ұйымдастырып, өткізу жұмыстарына

бастамашылық жасаушы сол конференцияның модераторы болып танылады.

 

 

Электронды конференцияларға қатысу шарттары

 

Конференцияға қатысушы өзінің баяндамасының мәтінін көрсетілген мекен-жай бойынша кезкелген уақытта жібере алады.

Баяндама автордың сұранысы бойынша кітап, журнал, жинақ беттерінде де жарияланады.

Авторлар өздерінің баяндамаларында электронды дерек көздерін пайдаланып, оларға сілтеме жасағанда, қолданыстағы стандарттық үлгіге сүйенеді.

Электронды конференцияларға ұсынылған баяндамалар ғылыми-техникалық ақпараттардың мемлекеттік рубрикаторының кодтарына сәйкес рәсімделеді.

 

Қызмет көрсету ақысы

 

Электронды ғылыми конференцияны ұйымдастыруға, баяндаманы электронды ғылыми конференция материалдарында жариялауға байланысты қызмет көрсету ақысының мөлшері: бір баяндама үшін — 1 мың теңге. Баяндама мәтінінің көлемі – 4-6 бетке (Word, А4, 14 шрифт.) дейін.

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники