Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Абайтану пәнін мектеп оқушыларына оқыту барысында рухани жаңғыру үдерісіндегі маңызы

          Қытайда – Конфуций атындағы институт бар, Германияда – Гете атындағы институт бар, сол сияқты Қазақстанда  да Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Ұлы Абай атындағы ғылыми зерттеу институты бар.

          Елбасы Н. Назарбаев: “Абайды мектептер мен ЖОО-да ғана емес, балаларға балабақшада, отбасы тәрбиесінен бастап оқытқан жөн”- дейді. Расында, жаңадан тілі шығып келе жатқан балаға Абайдың жеңіл-желпі өлеңдерін ата-анасы жаттатқызса балада жақсы сөйлей бастайды.

         Ұлы Абайды танытып, оның мол мұрасымен таныстыратын “Абайтану” пәнін оқыту өте маңызды. Абайтану – дегеніміз, әлемге қазақты таныту. Жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Абайдың әдеби мұрасы — қазақ халқының ой санасы, дүниетанымының биік шыңы.

              Мектеп оқушыларына Абайтану пәнің оқыту мақсаты:

  • Оқушыларға Ұлы Абай Құнанбаевтың шығармашылығын толық игерту;
  • Абай поэзиясының құдіретін таныту, ақын шығармашылығын әлем әдебиетімен салыстыра білу;
  • «Абайтану» пәнін оқушыларға пәнді игеру барысында алған білімдерін одан әрі тереңдете түсуге;
  • Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы оларға ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін игерту;
  • Абай өлеңдерінің барлық жанрын саралау, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу, қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсіну;
  • Балалар «Абайтану» пәнін оқу нәтижесінде, Ұлы Абайды танып, рухани-адамгершілік қасиетін бойларына сіңіріп өседі.

Абайтану пәні балалардың болашақ өміріне мол тәжірибе мен өнеге береді. Абайдың әр сөзін бойына сіңіріп өскен бала:

  • ата-анасын және үлкендерді құрметтейтін болады;
  • оқу мен білімнің маңыздылығын түсінеді;
  • Абай шығармаларын жаттаған және оқығаннан тіл байлығы артады және есте сақтау қабілеті жоғары болады.

           Философия және саясаттану факультеті педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы студенттері  педагогикалық практика барысында «Өзін-өзі тану» сабақтарында Абай өлеңдерін, қара сөздерін, поэмаларын және көркем аудармаларын  қолданады,  талдау арқылы рухани-адамгершілік қасиетін бойларына сіңірүге ықпал жасайды. Және сынып сағаттары, тәрбие іс-шаралар өткізіледі.

         Сонымен қатар педагогикалық практика барысында байқағанымыз Абайтану пәні мектепте факультатив ретінде ғана өткізілүі, әсіресе орыс  тілді сыныптарында,  Абай поэзиясының құдіретін таныту көркемдік-идеялық табиғатын ашуға, қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсінуге жеткізіліксіз екен.  Рухани жаңғыру үдерісіндегі маңызды мәселе ретінде шұғыл қарастыру керек екені белгілі болды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

философия және саясаттану факультеті педагогика және

білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы,

п.ғ.к., доцент Мамырбекова Гүлсән Әріпқызы

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»

 мамандығы 2-курс студенті

Садыкова Ақбаян

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники