Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2019
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Мар    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

«МӘДЕНИЕТТАНУ» МАМАНДЫҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАҒЫ БІР ҚЫРЫ

Еліміз өз тәуелсіздігін алып, экономикалық дербес елге айналу барысында көптеген әлеуметтік-мәдени іс-шараларды да іске асыра отырып, қоғамды алға бастаушы факторларды негіз етіп қоюда. Осы мақсатта барлық білім ошақтарында елімізде рухани мәдениетті жаңғырту мәселелері де кеңінен қарастырылып отыр. Қазақ Ұлттық университеті шеңберінде студенттердің өзіндік жобаларын қаржыландыру мәселелері де талқыланып, старт-ап жобалармен айналысуға мүмкіндіктер берілді. Осы бағытта тек экономикалық жағынан маңызы бар сала емес, мәдени тұрғыдан да айтарлықтай орынға ие мәдени туризм алға шығып отыр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің студенттері жазғы кезеңдерде оқу тәжірибесі кезінде елімізде орналасқан мәдени-тарихи маңызға ие жерлерді танып-білуге мүмкіндіктері бар. «Мәдениеттану» мамандығында білім алу барысында бірнеше тарихи ескерткіштермен танысып, мәдени орындарды зерттеу жұмыстарына қатысуға мүмкіндіктер көп. Осы бағытта 4 курс «Мәдениеттану» мамандығының студенттері қазіргі күнде мәдени туризмді дамытуды көздеп, студенттерге тарихи орындарды таныстырумен қатар, Қазақстанның мәдени ошақтарын насихаттау бағытында жұмыстар атқаруда. Осы орайда университет деңгейінде студенттердің табиға  аясында демалуына, еліміздің мәдени орындарына бару арқылы рухани байлықтарын дамытуға мүмкіндік жасайды. Жалпы, «Мәдениеттану» мамандығының қамтитын саласы өте көп, соның ішінде мәдениет саласында туристік бағытты ұйымдастырушы болып, алғашқы теориялық жағынан емес практикалық жағын да айта кету керек. Мәдениетті еліміздің болашағын айқындаушы фактор ретінде қарастыратын болсақ, біздің мәдениеттің материалдық және рухани бағдарын басқаларға таныстыру мәдени туризмнің орны ерекше екенін көруге болады. Мәдениетіміздің өзі сан алуан түрлі қырларымен белгілі және оны таныстыру үлкен еңбекті қажет етеді. Мәдени туризмді іске асыру барысында мәдени-тарихи жерлерді таныстырып қоймай, жергілікті халықтың салт-дәстүрімен таныстыру маңызды. Осының барлығын қамтамасыз етуші роль атқаратын «Мәдениеттану» мамандығы болып табылады. Бұл мамандықтың елдегі саяси-экономикалық мәселелер, халықтың тұрмыс-тіршілігі, адами капиталды арттыру, мәдени және спорт жетістіктеріне алып баруда үлесі мол. Себебі, мамандық өзгелерді танып-білуге және оны практикалық түрде дамытуға бірден-бір мүмкідік жасайтын, өркениеттердің байланысын қамтамасыз етуші қызметін атқарады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті Аликбаева М.Б.,

4 курс «Мәдениеттану» мамандығының студенті Зейнуллин Р.Б.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники