Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2019
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Мар    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Абайтану семинары Іле ауданында

20171115_133314

Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты кезекті «Абайтану» ғылыми-әдістемелік семинарын  Алматы облысы Іле ауданының орталығында өткізді.  Семинарға Іле ауданындағы орта мектептер мен гимназиялардың «абайтану», «қазақ әдебиеті», «қазақ тілі» пәндерінің мұғалімдері қатысты. Алғашқы абайтанушылар, Абай шығармаларының текстологиясы, «Қара сөздері» және тағы басқа тақырыптар ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талқыланды. Семинарда Абай институтының ресми сайты және «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық басылымы таныстырылды. «Абайтану» пәнінен беретін ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, кейбір мәселелер ортаға салынды. Тыңдаушыларға «Абайтану» республикалық ғылыми-әдістемелік семинарының бағдарламасын толық игергені туралы сертификат берілді.

Абай ҒЗИ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлы Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында  «Абайтану» атты ғылыми-әдістемелік семинарын өткізуді жалғастыра береді. Семинар бағдарламасы 48 сағатқа есептелген және инновациялық технологияларға негізделген. Абай институтының ресми сайтындағы видеодәрістер, аудиоматериалдар мектеп ұстаздары үшін қосымша материал болып табылады.

Мұсалы Ләйла, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті

Азимбаева Индира, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники