Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Август 2019
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Май    
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымының ХХХ-ХХХV томдары жарық көрді

0y8a1870Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспасынан АБАЙ ҒЗИ дайындап, құрастырған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымының ХХХ-ХХХV томдары жарық көрді. 30-31 томдарда абайтанушы М. Мырзахметовтің «Абай және Шығыс» монографиялық зерттеуі, «Абайдың адамгершілік мұраттары», «Абай және Әуезов» атты еңбектері берілді. Кітапта Абай шығармашылығындағы шығыс дәстүрі және оған Абайдың қарым-қатынасы ғылыми тұрғыдан баяндалады. Абайдағы исламият, хауас, жәуанмәртлік, үш сүю, иманигүл, ұғымдарына талдаулар жасалып, ақындық кітапханасы жайлы мәселе сөз болады.

Отыз екінші томға филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлының «Абай және Шәкәрім әлемі» атты еңбегі енді. Ғалымның еңбегінде ұлы ойшыл Абайдың, Абайдың әдеби дәстүрін жалғастырушы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы туралы сөз болады.

Отыз үшінші томда профессор Ы.М. Палтөренің зерттеу еңбегі беріліп отыр. Онда Aбай шығaрмaлaрының ортaғaсырлық түркі жaзбa ескерткіштерімен сaбaқтaстығы сөз болaды. Aқын шығaрмaлaрындaғы діни aстaры бaр aрaб сөздері мəнмəтін aясындa Құрaн жəне хaдис мəтіндерімен бaйлaнысты қарастырылып, лингвогерменевтикaлық тaлдaу жaсaлaды.

Отыз төртінші томда Абайдың өмірбаянына қосымша деректер, мәліметтер, сондай-ақ Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі қызметкерлерінің еңбектері, ойлары мен толғаныстары берілді.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымының отыз бесінші томында Абайдың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеудің басты нәтижелері қорытылып, сараланған. Том кіріспеден, тоғыз бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған дерек көздерінен, қосымшалардан тұрады.

Бұл еңбектерде абайтану ғылымының өзекті мәселелері қарастырылған. Томға енген еңбектер абайтанушыларға, магистранттар мен докторанттарға, Абай мұрасын білмекті парыз тұтқан білім алушы жастарға және көпшілікке арналған. Том 3979/ГФ4 – «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.

Мұсалы Л.Ж., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники