Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Март 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

«АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР» ХІ-ХХХV томдарының таныстырылымы

img_8031

2018 жылы 20 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінде Абай ғылыми-зерттеу институты дайындаған  «АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР» ХІ-ХХХV томдарының таныстырылымы өтті.  Рәсімді Институт директоры ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЕВ жүргізіп отырды. Жиынға филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы ғалым МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, АБАЙ атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры БАЛТАБАЙ ӘБДІҒАЗИЕВ, филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры УӘЛИХАН ҚАЛИЖАНОВ, филология ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану бөлімінің  профессоры СЕРІКҚАЗЫ ҚОРАБАЙ, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының докторанты, Абай шығармаларының текстологиясын зерттеп жүрген жас ғалым ЕРКІН ҒАЛЫМОВ, «ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» және ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ қызметкерлері қатысты, оларға «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» томдары тапсырылды. Кітапхана қызметкерлері болашақта бұл жинақтардың электронды нұсқасын таратуға үлес қосатындарын айтты. Сондай-ақ, жинақты шығаруға атсалысқан ҚазҰУ ғалымдары профессор ЗИНОЛ-ҒАБДЕН БИСЕНҒАЛИ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент МҮБӘРАК ҮМБЕТАЕВ, ЛӘЙЛА МҰСАЛЫ, ПАЗЫЛ БИСЕНБАЕВ, БАҚЫТҚОЖА БАЯЗИТОВ т.б. ғалымдар қатысты.

Ғалымдар бұл кітаптардың абайтану ғылымына қосылған үлкен үлес екенін атап өтті. Абай институтының директоры, көрнекті әдебиеттанушы Жанғара Дәдебаевқа және жинақты құрастырушыларға  алғыс білдірді.

Ләйла МҰСАЛЫ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың доценті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники