Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

РУХАНИ СӘУЛЕТКЕР

Ахметжанов Дастан Галымжанович,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

1-курс PhD докторанты

Алимжанова Алия Шарабековна,

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның

Ф.ғ.к., доцент (ВАК), академия профессоры

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Ғабитов Тұрсын Хафизович – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, мәдениеттанушы. 1947 жылы дүниеге келген Тұрсын Хафизұлы Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Биағаш ауылының тумасы.

200-ден аса ғылыми мақала, 35 монография авторы және оқу құралдарының бірлескен авторы бола білген Тұрсын Хафизұлынан білім алған студенттер мен докторанттар шетелдерде өздерінің шығармашылықтарын шыңдап, ғылымның түрлі салаларында үлкен жетістіктерге жетіп келеді. 3 ғылым докторына жетекшілік етіп, 40 ғылым кандидатына диссертацияларын қорғатып шығарған. Соның ішінде қазіргі уақытта менің ғылыми жетекшім болып келетін Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының профессоры Алимжанова Алия Шарабековна өз кезегінде Тұрсын Хафизұлынан қорғап шыққан болатын. Менімен бірге оқып жүрген барлық PhD докторанттардың Тұрсын ағамызға деген құрметі ерекше.

Тұрсын Хафизұлы – мен үшін рухани сәулеткер, маған жол сілтер шамшырақ секілді. Соңынан ерген мына бізге ғылым жолындағы ағалық ақыл-кеңестерін беріп, зерттеу жұмыстарымызға қатысты үлкен бағыт-бағдар беріп келеді. Ешқандай қиындыққа қарамастан алға ұмтылып, мақсатыңа адал болуға үйретеді, әрқашан айтқаныңа құлақ салып тыңдайтын, әрдайым көмек қолын ұсынатын таза жүректі, мейірімді, ізденімпаз, шығармашыл, өте еңбекқор жан. Ол даналық пен шындықты бойына терең сіңірген шынайы философ. Негізі университет қабырғасында осындай тамаша ұстазға кезігіп, одан тәлім-тәрбие алып келе жатқанымызға мына біздер қуаныштымыз. Ғалымға деген алғысымыз да шексіз.

Ұстазымыздың еңбек жолының қарыштап дамуына, ғылым саласында толассыз шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектестігімді білдіремін. Сондықтан, Тұрсын ағамыздың ғылым жолындағы дара жолы кейінгі жас буынға қашан да үлгі болмақ. Дайындап жатқан жас зерттеуші мамандары мен ғылыми құнды еңбектері коп болсын демекпін.

www.kaznu.kz

 

 

 

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники