Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

АБАЙ ІЛІМІ ЖАС ҒАЛЫМДАР КӨЗІМЕН

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында Абай күніне арналып 2020 жылы 10-15 тамыз аралығында өткен «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы мен ілімі» атты республикалық сырттай ғылыми конференция  аясында 13 тамыз күні «Абай ілімі жас ғалымдар көзімен» тақырыбында  онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жас ғалымдар қатарында докторанттар Әлібек Байбол, Бибігүл Даутова, гуманитарлық ғылымдар магистрлері Бауыржан Мырзақұлов, Елдос Тоқтарбай, Гүлдана Қасымақын, ақын, журналист Тұрсынбек Башар,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің магистранттары  Нұрдаулет Омарбек, Айсара Әбдіғаппарова, Күннұр Айтбаева, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Жақсылық Мұратбек (Нұр-Сұлтан қаласы) тағы басқа білімгерлер болды. Дөңгелек үстелдегі әңгімеге негізінен Президент Қасымжомарт Тоқаевтың «Абай – рухани реформатор» атты баяндамасы өзек болды.

Білім-ғылым саласында жүрген, шығармашылық жастар бас қосқан бұл жиында Абай Құнанбаев мұрасы бойынша көптеген маңызды пікірлер айтылды. Мәжіліс тізгінін ұстаған Абай ҒЗИ-дің жетекші ғылыми қызметкері, ұстаз Ләйла Мұсалы жастарды ашық диалогқа, пікір алмасуға шақырды. Абай ҒЗИ болашақта жас ғалымдардың электронды ғылыми жинағын дайындап, оның ішіндегі таңдамалы мақалалар «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық басылымына енгізілетіндігін мәлімдеді.

Қазақ руханиятының алып шыңы, Президентше айтқанда қазақ қоғамының «рухани реформаторы» Абай Құнанбаевтың шығармашылығы мен іліміне қатысты жас ғалымдардың көкейінде жүрген көп мәселе («толық адам» ілімі, 38 қарасөздің дербес шығарма қарастыру, бес дұшпан мен бес асыл іс, өзге тілдерге аударылуы, сопылық іліммен байланысы,  қазіргі қазақ қоғамы үшін өзектілігі мен маңызы т.б ) ортаға салынды.  Президент мақаласында  төрт бағытты қамтыған: білім игеру, тәрбие,  жаңа кәсіп игеру пен ынтымақ идеяларының қазіргі қазақ қоғамында өзекті болып отырғаны даусыз. Жас ғалымдар осыны терең ұғына біліп, Абайдың жаһандық тұрғыда адам мен қоғам мәселесінің тамырын дөп басқан реформаторлық ойлары мен ұстанымдары  жастар үшін де аса өзекті әрі мәнді деп таныды, осы орайда жас абайтанушылар қатарын көбейту қажеттігі жөнінде ұсыныстар айтылды.

Абайдың ілімімен сусындап, шығармашылығынан нәр алып жүрген дарынды қазақ жастарының абайтануға деген ынтасы мен талабы бізді ерекше қуантты. Болашақта осындай басқосулар жалғасын тауып, жас ғалымдардың баяндамалары Абай ҒЗИ-дың вебсайтында жарияланатын болады.

 

 

 

 

 

http://drive.google.com/file/d/1oPvApqe_uxiltfWLPCDIUaTR9kqA7HGH/view?usp=sharing

http://drive.google.com/file/d/1-boM-lS2d8yJAsrfZZk-oDjLEAnrykbB/view?usp=sharing

Ұйымдастыру тобы 

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники