Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек

Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

 

Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық, —

Бұл — қайраттан шығады, білсеңкерек.

 

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

 

Жеке-жеке біреуі жарытпайды,

Жол да жоқ жарыместі  жақсы  демек.

 

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.

 

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники