Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Сентябрь 2019
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Май    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  

Ұяламын дегені көңіл үшін

Ұяламын дегені көңіл үшін,

Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін.

Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ.

Жігері жоқ, маңызы жеңіл үшін.

 

Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар,

Жаңа сүйгіш адамзат — көрсеқызар.

Ар мен ұят ойланбай, тәнін асырап,

Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар.

 

Туысқаның, достарың — бәрі екі ұшты,

Сол себепті досыңнан дұшпан күшті.

Сүйсе — жалған, сүймесе — аянбаған,

Бұл не деген заманға ісім түсті?!

 

Өзің — үлкен, қылығың — бала-шаға,

Балаша мәз боп жүрсің тамашаға.

Әкесі ұрысса балаға, ол да достық,

Баласы ұрысса әкеге жараса ма?

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники