Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

ПІЛ МЕН ҚАНДЕН (И.А. Крыловтан)

Көшеде піл жетелеп біреу жүрді,

Кім көріпті хайуанды мұндай түрлі.

Көрсеткелі ап жүрген жануарды

Тамашалап, артынан жұрт боп ерді.

Көшеде кез боп бір қанден

¥мтылды пілге шаптығып.

Шаңқылдап үрді ерленіп,

Тартынбай ұрысар жан шығып.

Қанденге бір ит кездей боп

Деді: «Әліңді білсеңші,

Пілмен ұрысар сиқың жоқ.

Мазақ болмай, қой, көрші!

Қырқылдап қалдың не бітті?

Әуре болмай, қой! — деді.

Сен бұлқындың, ол кетті,

Жан деген жоқ ол сені».

«Мен де соны білемін,

Сондықтан ер боп келемін.

¥рыс, соғыс қылмай-ақ,

Ер атанып көремін.

Жұрт мұнымды көрмей ме?

Батыр атаң бермей ме?

Қой, бұл қанден — ер шіркін,

Пілге де үрген демей ме?»

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники