Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Февраль 2020
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Дек    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829  

Құрметті оқырман!!!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының ХХХVІІI томы жарық көрді.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының отыз сегізінші томында Г.Ә. Мұратованың «Абайдың тілдік тұлғасы» еңбегі берілді. Онда Абай дискурсының ұлттық таным мен ұлттық рухты танытатын концептуалды жүйесі және прагматикалақ деңгейі антропоөзекті, когнитивтік лингвистика аясында талдауға түскен. Абай тілдік тұлғасын ғылыми лингвистикалық тұрғыда сараптау арқылы оның тілдік әлемінің когнитивтік парадигмасы түзіліп, прагматикалық мәні ашылады. Ол үшін ұлт – тіл – мәдениет, уақыт – кеңістік – адам сабақтастығы басшылыққа алынған. Тілдік тұлғаның когнитивтік деңгейі тарихи-қоғамдық, әлеуметтік мазмұнға қатысты қарастырылады.

Еңбек ғылыми қызметкерлер мен ізденушілерге, тілшілер мен әдебиетшілерге, оқытушылар мен оқушыларға, Абай тілінің байлығына терең бойлағысы келетін көпшілік қауымға арналған.

Құрметті оқырман!!!

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының ХХХVІІ томы жарық көрді.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының отыз жетінші томында көрнекті ғылым қайраткері Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықованың «Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. Ғылыми мақалалар» атты еңбегі берілген. Онда автордың орталық ғылыми басылымдар мен «Абай» энциклопедиясында жарық көрген ғылыми-теориялық мақалалары топтастырылған.

Еңбек ғылыми қызметкерлер мен ізденушілерге, тілшілер мен әдебиетшілерге, оқытушылар мен оқушыларға, Абай тілінің байлығына терең бойлағысы келетін көпшілік қауымға арналған.

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ – ГУМАНДЫ ПЕДАГОГИКА АНТОЛОГИЯСЫНДА

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығы адамгершілік және ізгілік туралы идеяларға толы екені белгілі. Гуманист ақынның ойлары өз халқының руханиятын байытып қана қоймай, бүкіләлемдік ақыл-ой қазынасына да үлес қосты.

Осының бір дәлелі ретінде «Антология гуманной педагогики» сериясының Мәскеуден жақында шыққан кезекті томын атап көрсетуге болады: Влияние среды культуры и духовности на воспитание молодежи. Просвещение и прогресс в развитии общества (по трудам Абая Кунанбаева); /Сост.:Л.Мусалы/. М. :Амрита-Русь, ИД Шалва Амонашвили, 2019 – 144с. – (Антология гуманной педагогики). Толығырақ »

СҮЙІНШІ!!!

 

     Құрметті әдебиет сүйер қауым!

         Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының «Абайтану  Таңдамалы еңбектер» көптомдық басылымының бүгінде отыз алты (36) томы жарық көрген болатын. Басылым жалғасуда. Институт «Абай институтының еңбектері» атты екінші көптомдық басылымды шығару ісін қолға алды. Абайдың «Таңдамалық даналық сөздері» — осы басылымның бірінші кітабы. Толығырақ »

ҚҰТТЫҚТАУ!

Қадірлі ТЕМІРХАН САҚАҰЛЫ!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен  шын жүректен құттықтайды.

Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, абыройлы ұстаз-ғалым ретінде Сіз туған еліңіздің руханиятына үлкен үлес қосып келесіз. Толығырақ »

АКАДЕМИК РӘБИҒА СӘТІҒАЛИҚЫЗЫ СЫЗДЫҚ 95 ЖАСТА

ҚҰРМЕТТІ РӘБИҒА СӘТІҒАЛИҚЫЗЫ!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Сізді, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигін, шын мәніндегі ҰЛТ ЗИЯЛЫСЫН мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Сіз бар саналы ғұмырыңызды қазақ тіл білімінің көкжиегін кеңейтуге, ана тілінің асыл қасиетін тануға арнадыңыз. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы  Тіл білімі институтында ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет ете жүріп Қазақстанның білімі мен ғылымының дамуына, қазақ елінің интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық санасының жаңғыруына зор еңбек сіңірдіңіз.

Толығырақ »

РУХАНИ СӘУЛЕТКЕР

Ахметжанов Дастан Галымжанович,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

1-курс PhD докторанты

Алимжанова Алия Шарабековна,

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның

Ф.ғ.к., доцент (ВАК), академия профессоры

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Ғабитов Тұрсын Хафизович – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, мәдениеттанушы. 1947 жылы дүниеге келген Тұрсын Хафизұлы Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Биағаш ауылының тумасы. Толығырақ »