Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Сентябрь 2021
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Авг    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  

6-Сентябрь, 2021

Құрметті оқырман!!!

«Абайтану антологиясы» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.

Антологияның Бас редакторы: филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қ. Түймебаев.

Жалпы редакциясын басқарған: филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Дәдебаев.

Құрастырып, түсініктерін жазғандар: Л.Мұсалы, А.Мәуленов, Б.Даутова, Г.Қасымақын.

Антологияның оныншы томына абайтану бойынша жарияланған танымдық-тарихи маңызы бар, пәнаралық сипаттағы  ғылыми зерттеу мақалалары енді.

Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде, жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттар мен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметшілеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.

Антология елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына қызмет етеді.

Антология AP08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» жобасы аясында дайындалып, жарияланған.