Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2021
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Мар    
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  

Басты бет

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЕВ әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық және қазақ халқының данышпан ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойларына арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қосқан зор үлесі үшін ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ арнайы алғыс хатына ие болды.

Абай ғылыми-зерттеу институтының ұжымы атынан профессор Жанғара Дәдебайұлын осы биік марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

Қымбатты Жанғара Ағай! Сіз фарабитану мен абайтану саласына ғалым ретінде, ұлт руханиятының жанашыры ретінде, шын мәнінде, үлкен қажыр-қайратпен, зор жауапкершілікпен, тынымсыз еңбекпен үлес қосып келесіз. Мерейтой жылы аясында ұлы ойшыл тұлғалар Әл-Фараби мен Абайдың терең өнегесі мен тағылымын  насихаттау, жас ұрпақтың санасына сіңіру жолындағы ерен еңбегіңіз әрқашан еленіп, абырой мен құрмет биігіне көтеріле беріңіз!

Абай ҒЗИ ұжымы

 

Құрметті оқырман!!!

«АБАЙТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық. Антологияның үшінші томына С. Мұқановтың «Абай Құнанбаев» және Қ. Жұмалиевтің «Абай поэзиясының тілі» атты монографиялық еңбектері енді.

Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде, жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттар мен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметшілеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.

Құрметті оқырман!!!

 «АБАЙТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық. Антологияның екінші томына академик М. Әуезовтің Абай Құнанбаев туралы монографиялық еңбегі және жекелеген зерттеу мақалалары енді.

Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде, жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттар мен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметшілеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.

Құрметті оқырман!!!

«АБАЙТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық. Антология Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Абай туралы мақаласымен ашылған. Антология елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына қызмет етеді.

Антология ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты шығарған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық басылымының негізінде дайындалып,  осы институтта орындалып жатқан «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» атты жобаның аясында жүзеге асты.

Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде, жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттар мен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметшілеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.

Қазақта

Қазақта

«Мұқағали өлеңінің поэтикасы» атты ғылыми эссе байқауының жеңімпаздары!!!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты  Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай талантты ақынның шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа насихатттау мақсатында ЖОО, колледж студенттері мен орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасында «Мұқағали өлеңінің поэтикасы» атты ғылыми эссе байқауын өткізді. Қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы бойынша төмендегі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:

11 сынып оқушылары арасында:

1-орын Алпысбай Шынар, Алматы облысы, Іле ауданы, 26 орта мектеп

2-орын Куланбаева Магдолина, Алматы облысы, Іле ауданы, 26 орта мектеп

3-орын Жүніс Балауса, Қостанай қаласы, 111 ЖББ мектеп

10 сынып оқушылары арасында:

1-орын Сәдуақас Нұрсана, Алматы қаласы,  Ш.Смағұлов атындағы АОФММИ

2-орын Серікбай Балнұр, Алматы қаласы, 142 ЖББ мектеп

3-орын Молдағазиева Мөлдір,  Алматы облысы, Жамбыл ауданы,  Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп КММ

9 сынып оқушылары арасында:

1-орын Еркінова Ақмарал,  Алматы қаласы, 108 мектеп

2-орын Абдуали Ару, Алматы облысы, Жамбыл ауданы,  Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп КММ

3-орын Тоқтасын Перизат,  Алматы Ақсу ауд., Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектеп

8 сынып оқушылар арасында:

1-орын Махмұд Перизат, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Темірбек Қожакеев атындағы 39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия

2-орын Мәметова Алтынай,  Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп КММ

3-орын Бақытбек Назерке, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы,
І. Есенберлин атындағы МДШО бар орта мектеп

Құрметті оқырман!!!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында дайындалған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының L томы жарық көрді.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық сериялық басылымының елуінші томы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан», «Абай – рухани реформатор» атты мақалаларымен ашылған. Қазіргі филология ғылымдары саласында өнімді еңбек етіп келе жатқан белгілі, көрнекті ғалымдардың Абай жылында жазылған және дайындалған зерттеулерінің таңдамалылары топтастырылды.

Кітап орта мектептің жоғары сынып оқушыларына, студенттер мен магистранттарға, докторанттарға, қоғамдық-гуманитарлық ғылым салаларында ізденушілерге, мұғалімдер мен оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ көпшілікке арналған.

Құрметті оқырман!!!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында дайындалған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының ХLVII томы жарық көрді.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының қырық жетінші томында А.Қасымның «Абaй және парсы әдебиеті» еңбегі берілді. Зерттеуде Абай мен классикалық парсы әдебиеті ақындарының шығармалары тақырып үндестіктері, идея, композиция, сюжет, бейнелілік ерекшеліктері тұрғысынан қарастырылып, Абай мен парсы ақындарының лирикалық өлеңдеріндегі табиғат, философиялық-дидактикалық, адамгершілік-имандылық және ғашықтық тақырыптағы жырларының үндестіктері мен өзгешеліктері сараланды. Абайдың «Ескендір» поэмасы парсы тіліндегі нұсқалармен, «Әзім әңгімесі» мен «Масғұт» поэмалары фольклорлық туынды – «Мың бір түн» негізінде салыстырыла талданып, олардың сюжеттік ұқсастықтары мен өзгешеліктері, кейіпкерлерді бейнелеудегі ерекшеліктері жүйеленді.

Кітап зерттеушілерге, әсіресе әдебиеттанушыларға, шығыстанушыларға, фольклортанушыларға, студенттер мен магистранттарға, Абай шығармашылығы мен парсы әдебиетіне қызығатын көпшілік оқырманға арналған.

Жамбыл

Жамбыл

Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Мақатаев