Аудармалары
ШЕГІРТКЕ МЕН ҚҰМЫРСҚА (И.А. Крыловтан)
Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған,
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған. Толығырақ »
Шайтан (М.Ю. Лермонтовтан)
Мұңлы шайтан — құдайдың қуған жаны,
Күнәлі жер кез келіп бір ұшқаны.
Өткен жақсы дәурені ойында оның,
Сондағы не көргені, не қылғаны. Толығырақ »
ТЕРЕКТІҢ СЫЙЫ (М.Ю. Лермонтовтан)
Асау Терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.
Арыстанның жалындай бұйра толқын
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып. Толығырақ »
ТАТЬЯНАНЫҢ ОНЕГИНГЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ (А.С. Пушкиннен)
Амал жоқ — қайттым білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын. Толығырақ »
ТАТЬЯНА СӨЗІ (А.С. Пушкиннен)
Тәңірі қосқан жар едің сен,
Жар ете алмай кетіп ең.
Ол кезімде бала едім мен,
Аямасқа бекіп ең. Толығырақ »
ПІЛ МЕН ҚАНДЕН (И.А. Крыловтан)
Көшеде піл жетелеп біреу жүрді,
Кім көріпті хайуанды мұндай түрлі.
Көрсеткелі ап жүрген жануарды
Тамашалап, артынан жұрт боп ерді. Толығырақ »
Өзіңе сенбе, жас ойшыл (М.Ю. Лермонтавтан)
Өзіңе сенбе, жас ойшыл,
Тіл өнері дертпен тең.
Көңілдің жүгін қиял қыл,
Ызаға тұтқын бойың-зең. Толығырақ »
Өзіңе сенбе жас ойшыл
Өзіңе сенбе жас ойшыл,
Тіл өнері дертпен тең.
Көңілдің жүгін қиял қыл,
Ызаға тұтқын бой мең-зең. Толығырақ »
ОНЕГИННІҢ ТАТЬЯНАҒА ЖАУАБЫ (А.С. Пушкиннен)
Таңғажайып бұл қалай хат,
Мағнасы алыс — өзі жас?
Сөзі орамды, әр түрі жат,
Және әдепті, және рас. Толығырақ »
ОНЕГИННІҢ ӨЛЕРДЕГІ СӨЗІ (А.С. Пушкиннен)
Жарым жақсы киім киіп,
Келді жанға жылы тиіп.
Диуана болды бұл көңлім,
Басылмай бір құшып, сүйіп. Толығырақ »