Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  

ОНЕГИННІҢ ӨЛЕРДЕГІ СӨЗІ (А.С. Пушкиннен)

Жарым жақсы киім киіп,

Келді жанға жылы тиіп.

Диуана болды бұл көңлім,

Басылмай бір құшып, сүйіп.

 

Бойым тұр дал болып иіп,

Көңлім жүр құс болып шүйіп.

Есіркеп сүйгізіп еді,

Кетіппін жүз есе күйіп.

 

Қылдың арам ойыңды,

Бір бұрмадың мойныңды.

Сен ақылмен көңліңді

Тыйып, жеңдің бойыңды.

 

Мен бұзылып түзеле алмай,

Қайтсін дедің сорлыңды…

Атам, анам қара жер,

Сен аша бер қойныңды

Сенен басқа еш жерден

Таба алмадым орнымды.

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники