Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Мақалалар

Зейнолла Қабдоловтың лекциясы

Зейнолла Қабдоловтың лекциясы

Жан дүние өзгеріп…

Жан дүние өзгеріп

Абайдың көркемдік әлемі: мән мен мағына

Абайдың көркемдік әлемі

Абайдың көркемдік әлемі: семантикалық кеңістігі

Абайдың көркемдік әлемі

Абайтанудағы соны жетістік

Соны жетістік

Алаштың рухани көсемі

Қансейіт Әбдезұлы

АБАЙ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ИНТЕРМӘТІНДІЛІК

Сөз өнері үшін мәнді өмірлік құбылыстың қайсысының болмасын өмірде болмас бұрын өмірде көрінбегі, суреткерді толғандырмас бұрын қауымды ойландырғаны шарт. Әдеби шығармашылықтың интермәтіндік болмысының бір сыры осында. Әлемді мойындатқан әрбір көркем туынды  — жалпы адамзаттық эстетикалық бірлік пен ұлттық әдеби танымның ерекше симбиозы деген пікір орныққан, өйткені терең үндестік пен айқын ерекшеліктің мұндай көріністері таң қалдырады. Қай кезде болсын өнер атаулы қырық құйқылжып жатқан әлеуметтік құбылыстардың астарына үңіліп, өткен тарих тәжірибесіне сүйеніп, болашағына көз сала отырып, дамуға тырысар. Толығырақ »

Майтанов Б.Қ. М.О.ӘУЕЗОВ ПУШКИН МЕН АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ ТУРАЛЫ

243804_1864458658_________________

Бақытжан Майтанов

Мұхтар Әуезовтің Жидебай өңіріндегі бала күнінен таныс А.С.Пушкин есімімен бетпе-бет кездескендей тым жақын ұшырасатын шағы Ленинград университетінде оқыған жылдары болса керек (1923-1928 жж.). Соңғы кездері «М.Әуезов үйінің» қолжазба қорындағы 238-бумадан бұрын еш жерде жарияланбаған «Экспозиция и завязка символической драмы (пьесы Метерлинка, Ибсена, Гауптмана и Л.Андреева)», «Поэзия чистого искусства 60-х годов» және «Особенности драматургических приемов Пушкина» атты шағын зерттеулер табылып, жазушының 50 томдық академиялық басылымында жарияланды (1.19-22). Осы қатарда «Драмы Чехова» деген мақала да бар. Тәрізі, бұл еңбектер ғылыми жиындарда жасаған баяндамалар болса керек. Аталған дүниелер теориялық негізінің тереңдігімен, М. Әуезовтің орыс тілді туындыларына тән айшықты, оралымды стилімен ерекшеленеді. Толығырақ »

Мүбәрәк Үмбетаев. АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ОҚУ-ҒЫЛЫМ ТАҚЫРЫБЫ

A9RD710

М. Үмбетаев

  Біздің данышпан ақынымыз Абай Құнанбаев шығармашылығындағы ең  өзекті тақырыптардың бірі — қазақ жастарына білім беру, оқыту ісі екені рас. Жастарды оқытудағы мақсат не, балаларына білім бермек болған ата-ананың, үлкендердің көздегені не еді, ал оқуға ұмтылған сол жастардың өздерінің діттегені, алға қойған арман-мұраты қайда жатыр – міне, тура осындай мәселелер ұлы Абайды көп толғандырғаны, барынша тебіренткені  даусыз. Мұны ойшыл ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» атты өлеңдерінен байқаймыз. Алдымен, ақын өз басындағы кешігушіліктен бастайды: Толығырақ »

Серік Негимов. «ҚАЙҒЫ ШЫҒАР ІЛІМНЕН…»

001

С. Негимов

Жарық дүниеге, Абайдың пайымдауынша айтсақ, «кейіс дүниеге» келген адамның түбінде жалғанның жалғандығына бір көзі жететіні анық. «Жылап туып, кейіп өлгенше «маңдайыңа жазылғанды басыңнан кешіріп барып, «әурешілікті көре-көре» тіршілік етесің. Қуаныш-ренішін, жұбаныш-жалғандығын, рахат-азабын сезініп, өкініш-үмітпен өміріңді өткізесің. Түптеп келгенде, мәселе онда емес, мәселе: ғұмырыңның қиюы қалай келсе, соған ыңғайланып өзіңше қам-қаракет жасауыңда. «Алыстың, жұлыстың, айтыстың, тартыстың» (Абай). Бәрі де көрген түстей боп кейін қалды. Енді өкін мейлі, өкінбе мейлі, бәрібір қайыра қалпына келмейді. Енді ақылыңа азық боларлық жалғыз-ақ жол бар, ол — сол «кейіс дүниеден» мағына іздеу. Толығырақ »