Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Жалпы мәліметтер

Dadebayev Zh.D., Karagoishiyeva D.A., Musaly L. Interdisciplinary research of Abai’s creative heritage // Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. – №1. – 2019. – 271-277-беттер.

Dadebaev Zh.D…

Абай институтының жаңа кітаптары

«АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР» ХІ-ХХХV томдарының таныстырылымы

img_8031

2018 жылы 20 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінде Абай ғылыми-зерттеу институты дайындаған  «АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР» ХІ-ХХХV томдарының таныстырылымы өтті.  Рәсімді Институт директоры ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЕВ жүргізіп отырды. Толығырақ »

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымының ХХХ-ХХХV томдары жарық көрді

0y8a1870Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспасынан АБАЙ ҒЗИ дайындап, құрастырған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымының ХХХ-ХХХV томдары жарық көрді. Толығырақ »

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРА ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

«Қазақ әдебиеті» әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының базасында «Абайдың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» деген тақырыпта конференция өткізді. Конференцияға осы тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуші ғалымдар, ұстаздар, магистранттар, докторанттар қатысты. Конференцияда жасалған баяндамаларды, сөйленген сөздерді ықшамдап жариялап отырмыз. Толығырақ »

ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕРДІҢ VIII ТОМЫ

8-tomӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты абайтану бойынша ғылыми зерттеулерді жүйелеп, жарыққа шығару ісін жалғастыруда. «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық басылымының VIII томы осы игілікті істің жалғасы болып табылады. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми-зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектердің» VIII томында Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеудің нәтижелері көрініс тапқан. Толығырақ »

АБАЙ ІЛІМІ – КҮРДЕЛІ ІЛІМ

%d0%b4%d3%99%d0%b4%d0%b5%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2

Жанғара Дәдебаев

Абай мұраларын, ілімі мен өнегесін жастардың бойына сіңіру жолында «Абайтану» институты ғалымдары аянып жүрген жоқ. Бүгінде абайтанудың отыз томын жарыққа шығарды. Абайтану ғылымының басы-қасында жүрген ғалым, профессор Жанғара ДӘДЕБАЕВ Абай ілімін меңгеру терең білімді талап етер күрделі іс екендігін айтады. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.

– Абайтану институты ашылғалы бері Абай мұраларын зерттеп-зерделеуге сүбелі үлес қосып келеді. Студенттердің жүрегіне Абай ілімін сіңіруде оқытушы-ғалымдар теория мен практиканы теңдей ұштастыра алып жүр ме? Толығырақ »

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ДЕРБЕС ҚОРЫ

11-20

Абай ұлылығын тануға, танытуға деген ұмтылыс Абай өлген күннен бері әлі күнге тоқталмай жалғасып келеді. Осындай ниеттен туған еңбектердің бір парасы – «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдығы. Бұл кітаптарды баспаға дайындаушы ғалымдар көптомдықтың маңызы туралы айтып берген еді. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.

Абайтану ғылым саласы, оқу пәні ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде қалыптасты. Абайтанудың ғылым саласы, оқу пәні ретінде дамуының барлық кезеңдерінде осы университеттің ғалым-ұстаздары ерен еңбек етті. Толығырақ »

ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ

379

Рақымжан Тұрысбек

Абайтану институтының әдебиетшілер тобы профессор Жанғара Дәдебаев басшылығымен Абайтанудың он томдық ғылыми басылымын шығарған болатын. Онда белгілі Абайтанушылардың әр жылдарда жарияланған зерттеулері енген. Профессор Рақымжан ТҰРЫСБЕК таңдамалы еңбектің ғылыми маңызына тоқталған еді. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.

Абайтанудың он томдық таңдамалы ғылыми басылымын шығарардағы ұжымдық еңбекке қатыстым. Бұл, негізінен, «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» деген ғылыми жоба аясында орындалған жұмыс. Мұнда абайтану ғылымының арғы-бергі тарихы, бүгінгі жеткен жетістіктері, болашақ өрісі баяндалады. Толығырақ »

АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

%d0%b1%d0%b8%d1%81%d0%b5%d0%bd%d2%93%d0%b0%d0%bb%d0%b8

Зинол-Ғабден Бисенғали

Абай өмірі мен шығармашылығына ойлы көзбен қарай алған әрбір ізденуші Абайды оқыған сайын жаңа қырынан тани түскенін айтады. «Жүрегінің түбіне жұмбағын» жасырып қалдырған осы бір ұлы адамның мұрасын жүйелеп зерттеуге атсалысып келе жатқан Абайтану институты ғалымдары да осылай дейді. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.

Абайтану тақырыбын біз қазір қозғап жатырмыз ғой. Бірақ мұның барлығы да маған алғашқы қадамдар сияқты көрінеді де тұрады. Өйткені, «абайтану» деген бұл өте күрделі дүние. Абай күрделі адам. Біз қазір абайтанудың қырықтан аса кітабын дайындап қойдық. Толығырақ »