Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Өзіңе сенбе, жас ойшыл (М.Ю. Лермонтавтан)

Өзіңе сенбе, жас ойшыл,

Тіл өнері дертпен тең.

Көңілдің жүгін қиял қыл,

Ызаға тұтқын бойың-зең.

 

Қасиет тұтып, ойға ұмтыл,

Қан қайнап, қуат егілсін!

Онан гөрі еңбек қыл,

Улы сусын төгілсін!

 

Ойлай берсең, ой деген

Не қызыққа келер кез.

Кісі айтпаған, білмеген,

Күй әдемі, тәтті сөз.

 

Тыңдама оны, ұмыт сен,

Бүркен-дағы, бар да жат.

Тамылжытып айтқанмен,

Қыла алмассың сен қымбат.

 

Кез болсаң қайғы я зарға

Құрсатса тілді ұмтылтып,

Алып шықпа базарға,

Асаудайын бұлқынтып.

 

Қайғы-дертің мейлі мың,

Саудаға салмаң өзіңе ар.

Жаныңа түскен жараның

Іріңін нетсін надандар.

Біліп оған не керек,

Ішіңнен қайғы жемесең,

Жалтаңдаған жас жүрек

Байғұс-ай десін демесең.

Өз бойыңа болып сақ,

Жан-жағыңа қараңдар!

Күн көріп жүр күліп-ақ

Сенен басқа жарандар.

Олардың да ешбірін

Қайғы аман қойған жоқ шығар.

Ойлап, байқап көр түрін,

Таттырмап па дүние зар?

Күлкі болмай, қой, жаным,

Сен бүйтесін, ол қайтті?

Олар көрген арманын

Кімге шақты, кімге айтты?

 

 

 

 

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники