Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Февраль 2019
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Янв   Мар »
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728  

Февраль 2019

ҰЛТТЫҚ РУХ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАРАЛЫҚ

Ыбырайым Б., Дәдебаев Ж., Мәдібаева Қ. Ұлттық рух және шығармашылық  даралық (авторлық ауызша поэзия мәселелері). Зерттеу. – Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Ұлағат» баспасы, 2018. – 350 бет.

Редакциялық алқа:

Т.Балықбаев, С.Қирабаев, Б.Сманов, Б.Әбдіғазиев

Пікір жазған:

Т.Әлібеков, филология ғылымдарының кандидаты

ISBN 978-601-298-691-4

  Толығырақ »

ҚҰТТЫҚТАУ

Е.Б. ЖатқанбаевЕржан Байғожаұлы Жатқанбаев — 75 жас

Құрметті Ержан Байғожаұлы!

Сізді жетпіс бестің белесіне шыққан мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз — экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы жоғары мектеп ҰҒА академигі, Минералды ресурстар халықаралық академиясының мүшесі ретінде Қазақстан жоғары мектебінің өсіп-өркендеуіне, Қазақстан жоғары білімі мен ғылымының дамуына ерен еңбек сіңірген көрнекті қайраткерсіз.

Сіз Москва мемлекеттік университетінің экономика факультетін, аспирантурасын бітірген соң, еңбек жолыңызды жоғары мектеп саласында ассистент болып бастадыңыз. 1979-1984 жылдары Қазақстан Республикасы жоғары білім министрлігінде инспектор, 1984 жылдан бері қарай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, институт директоры, проректор қызметтерін абыроймен атқардыңыз. Толығырақ »