Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Март 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Зүфар Сейітжанұлы. Абай мен Ақыт

personalPhoto157_jpg

З. Сейітжанұлы

Қандай бір өнер иесі болса да оның үлгі-өнеге алған тәлімдік мектебі болары белгілі. Тамырын тереңге тартып, кемелденуіне ықпал етер бастау-бұлағы болмақ. Ақыт ортасынан оқшау өскен ақын емес, талап-талантының ұшталып-шыңдалуына әсер еткен өнер көздерінің бірі – халықтың ғасырлар бойы жасаған халық әдебиеті мен өзінің алдындағы ақын-жыраулар поэзиясы болса, екіншісі-ұлы ақын Абай болды. Әсіресе Ақыт өмірінің соңғы  кездерінде Абайға ереше ден қояды. Өйткені ХХ ғасырдың басын ала Абай мұрасының сымбат-сәні мен терең мәні қазақ еліне ғана тарап қоймай,шекара шебінен асып, ата жұрттан алыстағы ағайындардың  да үлгі-өнегесіне айналғанды. Біріншіден, Абай шығармалары қалың қауымға рухани нәр берсе, екіншіден, ақындықты мұрат еткен талапкерлердің адастырмас теомірқазығы болды. Соның бірі – Ақыт Үлімжіұлы.

         Ақыт ұлы ақынның өлең-өрнегінен көп үйренеді. Әсіресе алпысты аралаған шағында жазған елу бес өлеңнен тұратын «Ғақылиялық үндеулер» атты өлеңдер топтаомасы бұған дәлел. Ақыт өзінің осы шығармалары туралы «…марқұм Абай Құнанбай қажы ұлының кітабынан өрнек алып, осы ғақылялық, нақылдық үндеулер кітабын жаздым. Шіркін, Абай адамының жуырда есіне түспейтін сөздерді тауып, соны  өрнектеген екен.

         Мен де сондай есіме түсе қалған сөздерде кіргіздім. Сондай-ақ Абай өлеңдерінің үзіндісін басына алып, күрделі лебіздерін шештім» — деп түсінік береді.

         Ең алдымен Ақыт Абайдың, рухани әлемін дұрыс танып, оның ақындық құдіретін жоғары бағалаған.

Ақындар бізден бұрын өткен талай,

Әсіресе, Құнанбай баласы Абай.

Солардай өткір  сөзді таппасам да

Ойымды жеткізейін құрай-жамай,

—                     деп, кішіпейілділік көрсете сөйлеп, Абайды ауызға алуы жай емес. Абайдың даналығын, тереңдігін жете түсінгендіктен оны қадір тұтады, өнеге алады. Ақыттың «Ғақылиялық үүндеулер» топтамасы Абай сынды ойшылдан үлгі-өрнек алуы нәтижесінде, екіншіден, ақыл-ойының әбден кемелденіп, қоғамдық сана-салтты, өмір-тіршілікті жан-жақты пайымдай отырып жазған шығармасы. Сондықтан бұл топтамалары Ақыт шығармашылығының биік белесі тәрізхді туындылар. Бұл өлеңдерінде Абай әсері анық сезіліп тұрады. Абайдың көптеген өлең жолдарын сол қалпында пайдаланып та отырған. Абай үлгісі Ақыт өлеңдерінің сыртқы формасы (буын, бунақ, тармақ, ұйқас) яғни техникалық жағына да аңғарылып тұрады. «Он бес» және «он жетінші» тақта сздерін Абайдың «Сегіз аяғының» үлгісімен жазса, басқа тақта сөздерінде Абайдың тәләм-тағылымы бой көрсетіп, ой түйіндері жалғастық табады.

Абай «Бір дәурен кемді күнге-бозбалалық» атты өлеңінде әр нәрсенің өз уақыты болатынын ескертіп, жастық шақты пайдалы іспен дұрыс өткізу керектігін айтады. Екі келмес ғұмырды «еһе-еһемен еліріп, жеңіл-желпі өткізіп» алудан сақтандырады. Ешкімнен тектеу-тыйым көрмеген санасыз шалдуардың түбінде бір өкінішке өртенері хақ. Абай:

Басында әке айтпаса ақыл-жарлық,

Ағайын табылмаса ой саларлық.

Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен.

Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық,

-десе, Ақыт:

Басында атасы айтпас тиімді ақыл,

Терісін ағайыны десе мақұл.

Сандырақтап жығылып, тұрып-жүріп,

Жаңа басқан балада апыл-тапыл.

Бір зарлылық  артында таттырмай

Қайран өмір қалжыңмен өтсе ғапыл,

-дейді.Екі ақынның ойы да «бес күндік майдан өмірден опық жемеу». Адамды аздыратын «ыртың мен жыртаңға» алданып қалмау. Ұстаз бен шәкірт ойы бір арнаға құйғандай, мазмұн-мақсат сабақтастығы бірден-ақ байқалады. Абай көп нәрсеге қырсығын тигізіп жүрген кеселді пысықтарды шеней келіп:

Күшік, иттей үйіріп тұр,

Кісіден кеммін демейді,-

-деп кейістік танытса, Ақыт:

Күшік иттей шәуілдеп,

Алды-артыңды орайды,

-дейді. Абай өлеңінен ешкімнен кем емеспін деп кердең қаққан кесірді көргендей болсақ, Ақыт өлеңінен оңтайы келсе омақа асыруды мақсат етер залымдарды көргендей боламыз.

         Абай заманында патша әкімшілігінің ел ішіндегі сойыл соғыр ұсақ әкімдерінің іс-әрекеті қазақ даласында алауыздықтың отын жағып, күңкіл-күбірді көбейтті. Шен-шекпен үшін талас-тартысқа түсіп, пәле-жала етек алды, тіпті халықтың психологиясы өзгере бастады. Осындай тұста кеселді пысыққа кейіген Абай:

Бір сөз үшін жау болып,

Бір күн үшін дос болып.

Жүз құбылған салт шақты,

-деген болатын. Ал Ақыт күні үшін ғана дос болып, бір тойғанға қош болатын опасызхдардың сиқын ашады.

Бір күн көңілін таппасаң,

Қазір тұрар өш болып.

         Бұл-қысқа күнде қырық құбылғандардың қылығы. Осы өлең жолдарындағы Абай әсері, ешқандай дәлелдеуді қажет етпесе, керек. Мұндай ұқсастыққа мысалдарды тағы да тізбектеп келтіруге болар еді. Алайда осының өзінен-ақ, Абай ықпалын байқауға болады. Ақыттың топтамалары тікелей Абай шығармаларынан өрнек алып, ден қоюдан туған. Демек, Абайшығармаларынан өрнек алып, ден қоюдан туған. Демек, Абай Ақыттың эстетикалық танымының кеңеюіне әсер еткен. Ақынның «Ғақылиялық үндеулері» Абайдың «қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Көңілім қайтты доостан да, дұшпаннан да», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат», «Сабырсыз арсыз, еріншек», «Мұз болады болысың», «Бойы бұлғаң» т.б. сияқты өлеңдеріндегі оймен үндестік тауып, ортақ арна тартқандай болады.

         Бір ескеетін жай Ақыт Абайға жалаң еліктеп оның көлеңкесінде қалып қоймаған. Абаймен рухани үндес болған. Ақыт заманы алға тартқан көкейкесті жайларды Абайға сүйене отырып өз саннасында қайта қорытып, өзінше түйіндеу жасап отырған. «Алтыншы тақта сөзде» былай дейді:

Ынсап, ақыл, ар-ұят бір бастағы,

Бәрі түгел біреуге тұрмастағы.

Бұл төөртеуі біреуде жиылған жан

Келісімсіз еш мінез қылмастағы..

         Ақын атаған төрт қасиет бүкіл адамгершіліктің ажары деуге болады. Ол осы қасиеттерді жастардың басынан табылса дейді. Егер әр уақыт ар-ұятты ойлап, әр нәрсеге аранын ашпай, ынсап етіп ақылмен шешпесе, онда ол адамның  азамат атанып, алысқа  бара қоюы қиын. Бұл кез келген адамның аттап өтуіне болмайтын кісілік белгілері десе де болады. Абай танымының таяныш-тұғыры бүкіл тіршілікпен астасып жатқан адамгершілік немесе кісілік қалып болса, оны Ақыт та көп өлеңінің өзегі  етіп, өмірлік мұрат тұтқан. Сөйтіп, ақын нағыз адамдықты атты биік ұстауға шақырады.

         Абай тәлім-тәрбие мәселесіне үлкен мән берген. Өзінің бірнеше қара сөздерінде жастар тәрбиесінің басты-басты мәселесі жөнінде келелі ойлар айтады. Ұстаз ақын Ақыт та жас буынды адамгершілік рухта тәриелеуді өз шығармаларының үлкен бір өзегі етеді. Жақсы адам болып қалыптасуды бір шарты-балаға жас кезінен тәрбие беру деп біледі.

Әдеп, ғылым үйрену,

Жеті менен сегізден.

         Әдеп сақтау-адамгершілік негізде қалыптасқан әлеуметті дәстүр. Егерде қалыптасқан халықтық қағида бұзылса, кісілік келбетке ақау, ұлттық намысқа дақ түсуі мүмкін. Сондықтан да әдептілікті тағылым-таразысы ретінде қараған ақын «баланы – жастан» дейтін принцип негізінде екі нәрсені-әдеп пен ғылымды жеке бөліп айтады. Өйткені үлкен адамгершілікке барар жолдың басы-әдептіліктен басталатын болса, дүниенің сыры, елдің ертеңі ғылымға байланысты  екенін жақсы түсінген. Сондықтан жас ұрпақтың бойына әдеп пен ғылымды жас кезінен бастап сіңіру керек деп ұғады. Ал Абай да «ғылымсыз ахрет те жоқ, дүние де жоқ» деп ғылымның орнын жоғары қойғаны белгілі. Екі ақынды көбірек толғандыратын басты нәрсе-адам өмірі, ұрпақ тәрбиесі. Қайтокенде нағыз адам қалыптаспақ деген түпкі түйінді шешуге көп ден қойған.

         Абай «баланың жақсысы-қызық, жаманы күйік» дей отырып жаңа да жақсы адам тәрбиелеуді көптеген жолжосығын көрсеткен. Абайдың педагогикалық ілімін сүйеніш –тірек еткен Ақыт та жастар тәрбиесіне ерекше назар аударады.

Жақсы бала көз нұры,

Жанып тұрған шырақтай,

-деген сөзі арқылы жақсы баланы ата-ананың жанып тұрған шырағына былай келіп:

Әдеп пен иба жақын-ды,

Бұлара тұтқа ақыл-ды,

-дейді. Әдеп-ибаны ақылдан бөлмейді, ақылды олардың тірегі ретінде қарайды. Яғни тәлім-тәрбие  әдеп, ғылым, ақыл-осы үш бағытта болуы керек. Үшеуінің басы біріккенде ғана жақсы адам өсіп шықпақ.

         Отарлаушылар ел билеуге «жаңалық» енгізіп, халықтың билік дәстүрін өзгетті. Әккі қулық, айлакер, билік арқылы елдік тұтастықты бұзып, әлеуметтік-экономикалық және рухани тәуелділікке мәжбүр етті. Осыдан келіп жатқа жалбаңдаушылар көбейді. Ақыттың:

Естерінен адасып,

Ұлықсыған ұл туды.

Шешесіне жармасқан,

Биліксіген қыз туды,-

-деп қынжылатын себебі – осы. Енді қайту керек? Бұдан құтылудың бір жолы- оқу-білім деп есептеді, жаңа ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етті.

Тіл үйрен шүршіт, мұңғыл, орыс болсын,

Мейлі түзу, мейлі ол бұрыс болсын,-

-деді. «Мейлі түзу, мейлі ол бұрыс болсын» деген сөзінде үлкен мән бар. Қандай халық болса да, оның тілін білсең ғана бұрысынан қашық болып, дұрысынан үйренесің және жақсы-жаманын ажырату да қиын болмайды деген ойды меңзейді. Абай да «Зарарынан қашық болуға, пайдасынан ортақ болуға білмек керек», деді емес пе? Екі ақынның да ойы бір сағаға сарқатындай. Екеуі де көп тіл білуді білімділіктің алғы шарттарының бірі ретінде қарайды.

         Ұстаз Абай өзінің «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде жастардың қандай нәрседен қашық: қандай іске асық болу керек екенін санамалап тұрып атаған ғой. Жақсы қасиеттердің қатарындағы бес асыл ісі:

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой.

         Ақыт өз ойын былайша сабақтап үн қосады:

Қанағат қарын тойғызар,

Аранды артық қойғызар.

Рақым-шапағат көңілді

Адамды тату болғызар.

Ой ойланып іс қылса,

Ақылды миға қонғызар.

Талапты болып талпынбақ,

Тең құрбыңнан озғызар.

Ерінбей еңбек қылаңыз

Қолыңды шыңға созғызар.

         Осындағы Ақыттың айтып отырғанын адамгершілік аясын кеңейтетін Абай атаған бес асыл іс – абайдан үйрене отырып, ақын өзінше айтып, өзінше түйіндеген. Сонымен «Ғақылиялық үндеулер» — топтама өлеңдеріндегі тереңдік пен уыттылық Абайдан бастау алған.

Жігіттер, тіршіліктің қадірін біл,

Ақыл ойла, мал-ізгі, тап-таза жүр,

-деген жолдар ғақиялық топтаманың негізгі арқауы. Ұлы Абай сынды суреткердің туындыларындағы шыншылдық пен сыршылдық ақын жанын бей-жай қалдырмай, кемеңгер ақынның келелі ойы Ақыт жүрегінің лүпілін дөп басқан. Сөйтіп, Абаймен рухани үндестік тауып, оны пір тұтады.

Бір жағында жауы көп,

Бір жағында дауы көп.

Өксіп, жылап өтті ғой

Қара қазақ қамын жеп,

-деген Абайға арнау сөзінде терең шындық жатыр. Сөз өнерінің опарқын біліп, талант даралығын жете ұғынған адам ғана осылай сөйлесе керек. Сонымен бірге Ақыт адам портретін жасауда да Абайдан үлгі алған.

«Алпысты аралаған ел ағасы» шаққа жеткенде сұлу әйелдің сымбатын сөзбен мүсіндейді. Ақыттың бұл өлеңі ұлы ақынның «Қақтаған ақ күмістей кең майдалы» өлеңінің үлгісінде жазылған. Ақыт та «Ақ күмістей кең маңдайдан» бастайды да, әйелдің дене мүшелерін даралап жекеклеп (сызылған қас, нұрлы көз, қыр мұрын, алқызыл бет, ақша жүз, кірсіз тіс, жазық жауырын, тік иық) бейнелі сөздер арқылы сипаттап өтеді. Оның сұлулығын ашып, әрлей түседі. Сөз жоқ, бұл Абай әсері. Бірде

Үлбіреген тамағы.

Жазық-жаттық қабағы.

Кеудесінде қос алма

Қисаймаған сабағы.

Немесе:

Ақ саусағы әжімсіз,

Еріне таза жүрегі.

Қолаң шашы жібектей

Балтырын соғып жүреді,

-дейді. Сұлудың ажар-көркін көрген жанның «жүрегі толқып лоблымай» қалуы мүмкін емес. Бұл арада ақынның сезім сыры байқалып қалады. Ал, «еріне таза жүрегі» деген жолдан әйелдің адамгершілік адалдық жан сарайынан хабар тапқандай боламыз. «Қолаң шашы жібектей, балтырын соғып жүреді» дегенде жанды бейнеге айнала бастайды. Ақыт ұлы Абай мұрасының әсерімен жазған топтама өлеңдерінің бірінде сұлу әйелдің көз тартарлық көркін осылайша келісті бейнелейді. Мұны да Абай өнегесі деп білсек болады. Сонымен, кезінде Абай үні  ата жұрттан алыстағы қазақ қауымына да кең тараған, өнер иелеріне нәр беріп, ұстаздық еткен.

***

 

Адамзат қоғамының ұзақ тарихында адам болмысы туралы аз айтылмаған. Өйткені адамдардың қарым-қатынасы, іс-әрекеті өмірдің күнгейі мен көлеңкесі  аясында көрініс тауып отыратындықтан өмірдің де, өнердің де ең басты мәселесінің бірі – адам немесе адамгершілік. Адам қандай болуы керек? Оның өмірінің мәні неде деген сауалға көптеген ойшылдар назар аударған және өздерінің ой-тұжырымдарын да білдірген. Осы реттен келгенде ұлы Абай да адам болу мен адамгершілік жолын жүйелі жырлаған ақын екені аян. Академик М.Әуезов: «Ол адамгершілікті, моральдық философияны барлық жайдан жоғары қойды»- деп бекер айтпаса керек. (Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. Алматы, 1967, 169). Ақын көптеген туындыларында адамтанудың сырына терең бойлаған. Оның «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» және «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» атты екі өлеңі бірін-бірі толықтыра түсетін терең мағыналы туындылар. Осы өлеңдерінде ақын бүкіл адам баласына тән ақиқат арқылы үлкен философиялық  түйіндеулер жасайды. Сонымен бірге халық тағдыры, адамның жағымсыз мінездерін шенеп, адамгершілікті ту етеді. Абай шәкірті болға Ақыт та ұстаз өлеңдерінде айтылатын ойды өзінше толғап «күрделі лебіздерін шешеді». Ақыт «екінші тақта сөзінде»:

                   Еріншек қыла алмайды адал еңбек,

                   Өзі ерінсе кім қылар оған селбек.

                   Жырым-шеттік, тоқты жеп ғадат қылып

                   Өзім өнер таптым деп қағар көлбек.

                   Адамдық пен жамадық арты ашылып,

                   «Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек». /1,190 б./

Ақыт туындыларында Абайдың бір тармақ өлеңін («Мың күн сынбас бір күні сынар шөлмек») өзгертпей алады да, айтылар ой сарабын өзінше айтады. Абай «ұрлық, қулық қылғанын» пысықтыққа санайтын адамдардың әрекетін ашса,  Ақыт «жырым-шеттік, тоқты жеуді» әдетіне айналдырып, оны өнер деп есептейтін жалқаулардың арам пиғылын көрсетеді. Нысана объектісі – бір. Екі ақын да арамдықтың арты жамандықпен бітетінін ескертеді.

Абай мен ақыт өлеңдерінде жаман мен ақылды адамдардың іс-әрекеті шендестіріле суреттеледі. Абай қара қылды қақ жарып әділін айту, әр нәрсенің  өзіне лайық дұрыс бағасын беру жақсы адамға тән әрекет деп есептесе, Ақытта осы ойды тарата түсіп:

                   Ақылды қара қылды қырық жармақ,

                   Әр нәрсенің парқы бар неше тармақ.

                            Турашыл, түзу көңіл шын жақсыны

                            Жаратқан әуел бастан құдай арнап, — дейді.

־־־־־־־־־־־־־־־־־־־

Ақындар өлеңдерінің құятын сағасы – адам бойына адамгершілік ұстанымдарын орнықтыру. Адам деген ардақты аттың мәртебесін төмендетпей, соған лайықты болудың жолын айту. Кемеңгер Абай жоғарыда аталған екінші өлеңінде әлеумет өмірінде кездесетін кеселді әрекеттердің кесірін дөп басады. «Терін сатпай, телміріп көзін сатып, теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман» деп тер төгудің орнына телміретіндерге күйінеді. Бұдан соң көп алармандарды санамалап өтеді. Адам мінезіндегі күйкі қылықтарды дәл сипаттап ашып береді де,  «шошимын кейінгі жас балалардан» деп кейістік танытады. Ақыт өлеңінен де осы жай анық аңғарылады. Алақан жайып, амалдайтындарды дәл мінездейді.

                   «Қартайдық, қайғы ойладық» қандай заман,

                   Байқасаң жас мінезі сондай жаман.

                   Терін сатпай телміріп міндет артып

                   Елдігінің әдеті «берші маған».

Ақын «мал үшін арын сатқан антұрғандарға» (бай, би-төре, жарлы, шабарман, ауыл басы, зәңгі, күнде т.б.) шүйіледі. Бұл сол тұстағы қазақ қоғамының дерті болатын. Сондықтан Абайдың адамгершілікті терең толғаған өлеңдері Ақыттың да ой-арманын дөп басады. Ақыт та Абай атаған сол армандардың әрекетін көрген, басынан өткізген. Тіпті «ұзын түнде ұйқысы да қашқан».  Адамгершілік асыл қасиеттердің атын атап, түсін түстеген Абай мұрасына үн қосуды парыз санаған.

Данышпан ақынның кісілік көргенділік пен абзал адамгершілікке тәрбиелейтін өлеңінің бірі – «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» екені белгілі. Абай ойын жігіттерге қарата айтып, олармен сыр-сұхбат құрғандай болады. Екінші жағынан кемелдікке жету, адам болу жайындағы танымын аңғартады. Сонда жақсылыққа ұмтылған талапты жас не істеуі керек?  Өмір тағылымы нені қажет етеді? Аса мәнді ізгі қасиеттерді (талап, адалдық, тұрақтылық, байыптылық, бірлік, татулық т.б.) атап, оны жастардың ой-санасына сіңіруді мақсат етеді. Ұлы ақынның осындай пайым-танымын тірек еткен Ақыт қалай жырлайды:

                   Шын көңілден болса екен мұңдасқаның,

                   Қақ жүректен болса екен  сырласқаның.

                   Сырыңды сыртқа шашып, артыңды ашса

                   Не болмақ достық қылып шындасқаның?! – деп сырласқан мен мұңдасқанның адал және жалт бере жалтармайтын ұстамды, тұрақты болуын ескертіп алады, бұдан соң ойын одан әрі өрбітеді. Тікелей жігіттерге (жастарға) қарата тіл қатады. Абайдың асыл идеялары Ақыт шығармаларында да жаңғыра түседі.

                   Бас қосып бірге жүрсең күтісіп жүр,

                   Ақылды бірге қылып бітісіп жүр.

                   Алал ойын, таза ақыл, жылы сөзбен

                   Ұялжыңмен зейініңді түртісіп жүр.

немесе

                   Жат жанынан түңілсін сыйласқанда

                   Біріңді-бірің қорға шыңдасқанда.

                   Ғайбат, өсек кінәдан тап-таза бол

                   Әлдекімше күңкіл қылма қыр асқанда.

Бұл арада ақынның айтпағы – татулық пен сыйластық, бірлік. Адамдар арасындағы адал достық, сүйіспеншілікті ең басты қажеттілік ретінде қарайды. Себебі адам — тіршіліктің тірегі, иесі. Сондықтан адамның қоғам алдында, адам алдындағы парызы, міндеті көп. Оның өзі ең төменнен – адамдардың бір-біріне деген ықылас-ілтипатынан бастау алмақ. Бірлік-татулық болмаған жерде тірліктің де сәні кетпек, берекесіздік белең алмақ. Мұның бүкіл елге, қалың қауымға әсері болады. Сондықтан екі ақынның да «жігіттер» деп бастауында да мән бар. «Су бастан тұнбақ», тіпті жар таңдаудан да жаңылмай, жеңілтек-құбылма мінез көрсетпеуін, адалдық-тұрақтылық танытуды талап етеді. Ақын «Оныншы тақта сөзінде былай дейді:

                            Жеңсік қой, көрсеқызар тез тозады,

                            Көргенге, көңіл, шіркін, бой созады.

                            Жүрек толқын көңілдің тамырын білген

                            Ақырында ақылды сол озады.

Ақыттың айтар ақыл-кеңесі де адам мінезіндегі жақсы қасиеттерді аша түседі. Отбасын құруда барлық – байлыққа да, таршылық-жоқшылыққа да қарама, әйелдің жақсылығы сұлулықпен де өлшенбейді. Сонда қандай мінез-құлығы өлшем болмақ?

                            Ар-ұятты, ақылды, таза жарға,

                            Жігіттер, қанағат қып сен де тоқта,- деп тұжырымдайды.

Өзінің іс-әрекетін таразылап отырмайтын, әлеуметтік-этикалық жауапкершілікті сезбейтін адамдардан бәрін күтуге болады. Ақылды адамның ойсыз болуы мүмкін емес. Ар-ұятты сақтау адамдық өлшем. Ақын айтып отырған моральдық қалыптар адамгершілік қасиеттер жүйесінің бір бөлшегі.

Екі ақын да адамға тән жақсы қасиеттің бірі еңбекқорлық деп біледі. Өйткені адам еңбек арқылы бақытқа, еркін тұрмысқа, белгілі мақсатқа қол жеткізе алады деген байламға келеді. Абай «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» атты өлеңінде «терін сатпай, телміріп көзін сатқандарға» кейістік танытады. «Сегіз аяқта» жоғарыдағы ойын екінші бір қырынан сабақтап «еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей» — деп түйеді. Өмір құбылыстарына терең бойлаған ұлы ойшыл көптеген өлеңдерінде еңбек туралы өз көзқарасын ашық  білдіріп, тереңдетіп отырған. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» — деп еңбек етпеу, азғындыққа жол ашу мүмкін екенін айтады. Қалайда адамдық қадір-қасиеттің бір жағы адал еңбекте деп ұғындырады. «Терін сату» адам тіршілігіне қажетті шарттың бірі. Ал тілемсек болу арсыздық.

 Ақыт та өмірге бейімделудің бір жолын еңбекпен байланыстырады. Кейбір жастың «ауырдың асты, жеңілдің үстімен» мал табуға, тіпті ұрлық-қарлыққа бейім тұратынын жасырмайды.

                   Ендігі жас іздегені мал мен пайда,

                   Еңбекпен терін сатып іздеу қайда

Иә болмаса жортады күн-түн қатып

                            Тентіреп мал бекітіп әрбір сайда, — деген жолдар сол тұстың (қазірде де болуы мүмкін) шындығы. Оңай олжа іздеп пайда табуды әдетке айналдыратындар да жоқ емес-ті. Ақын мұндайларға үзілді-кесілді қарсы екенін білдіріп:

                            Қулық-сұмдық ұрлықпен мал кетеді,

                            Сұм нәпсіңді тия алмай ар кетеді.

                            Мал кетер, мазаң кетер зиян шегіп

                            Ант ішіп, өтірікке жан кетеді, — деп үкім айтады.

Өмір қарама-қайшылықсыз болмайды. Бірақ ақ жолдан адаспауды нысана ететін Ақыт адамшылыққа дақ түсіретін жаман әрекеттен (қулық, сұмдық, ұрлық, ашкөздік, өтірік) сақтандырып, жастардың ертеңіне алаңдайды. Осы арада Абайдың мына сөзін келтіру артық болмайды. Ол: «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ –өнерсіз иттің ісі. Әуел құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау» – де

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники