Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

БОЛАШАҚ БАСТАУЫН АЛАТЫН МАМАНДЫҚ

Мәдениетті ғылыми тұрғыдан зерттеп, зерделеп, ашығын айшықтап, ағы мен қарасын сараптайтын ғылым саласы – мәдениеттану деген атауға ие. Әлемдік, ұлттық мәдениет тарихы мен сипатын сараптап, болжалдық – аналитикалық ерекшелікке мән беру, сондай-ақ саяси тұстарын бағамдау, басқаша айтқанда мәдени саясат ережелерін қалыптастыру, философиялық мәнге ие ежелгі, орта және жаңа, бүгінгі заман ғалымдарының саналық-ойлық жақтарын бағалау, психологиялық тұрғыдан жеке тұлға мәдениетінің қалыптасу заңдылықтарын қарастыру, әлеуметтік жағынан қоғам топтарының ерекшеліктеріне сай мәдениет феноменінің ондағы рөлін анықтау , тағы бір маңызды бөлім- экономикалық тұсы. Өркениет көріністері мен табиғи, тарихи-мәдени ескерткіштер көптеген елдер экономикасының маңызды бөлшегі болғалы қашан, ол-туризм, яғни, мәдениеттің маркетингтік-менеджерлік және финанстық әлеуеті өте жоғары. Мәдениет- аса кең мемлекетішілік интеграция процестері мен ортақ идеологияға басты құрал болып табылады. Бұл тек бір сыпырасы екенін айта кеткен жөн. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы – аталмыш мамандық иелерін дайындайтын бірден-бір озық базалық жүйеге ие.

Осербаев Елдос

Мәдениеттану мамандығының 3 курс студенті

Жетекшісі: Масалимова А.Р.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филос.ғ.д.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники