Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

АКАДЕМИК РӘБИҒА СӘТІҒАЛИҚЫЗЫ СЫЗДЫҚ 95 ЖАСТА

ҚҰРМЕТТІ РӘБИҒА СӘТІҒАЛИҚЫЗЫ!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Сізді, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигін, шын мәніндегі ҰЛТ ЗИЯЛЫСЫН мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Сіз бар саналы ғұмырыңызды қазақ тіл білімінің көкжиегін кеңейтуге, ана тілінің асыл қасиетін тануға арнадыңыз. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы  Тіл білімі институтында ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет ете жүріп Қазақстанның білімі мен ғылымының дамуына, қазақ елінің интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық санасының жаңғыруына зор еңбек сіңірдіңіз.

Қазақ тіл білімінде лингвопоэтикалық бағыт аштыңыз, өзіңіздің ғылыми мектебіңізді қалыптастырдыңыз, қазақ әдеби тілінің тарихын, Абай тілін зерттеу жолында ерен еңбек еттіңіз. Абай тілі туралы құнды зерттеулеріңіз «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдығының 4, 24, 25,  29- томдарында жаңғыра жарияланды. Аталған еңбектеріңіз – абайтану ғылымына қосылған сүбелі үлес және ұзақ жылдарғы Сіздің зияткерлік шығармашылығыңыздың нәрлі нәтижесі. Бұл кітаптардан  қаншама зерделі жастар  рухани-танымдық азық алуда.

Бүгінде Сіз аса көрнекті ғалым, ҚР Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың және Мемлекеттік «Барыс» орденінің иегері ретінде зор құрметке бөленіп отырсыз.

Қадірлі Рәбиға Сәтіғалиқызы!  Сіз бүгінгі мерейтойыңыздың белесіне жарқыраған өнегелі жолыңызбен, еселі еңбегіңізбен, шығармашылықтың шашауына шаң жұқтырмай тынымсыз ізденіспен жетіп отырсыз!

Аса ардақты Рәбиға Сәтіғалиқызы, сөздің қадіріне жету үшін осынша ойлы, зерделі, ыждағатты әрі жауапкершілікті болуды ісімен өнеге еткен Ғалым, Ұстаз, ұлағатты Жан – Сізге  жүрекжарды тілегімізді жолдаймыз: Жасай беріңіз, ұлағатты ҰЛТ ЗИЯЛЫСЫ!

 

Абай ғылыми-зерттеу институты

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники