Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Март 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

ҚҰТТЫҚТАУ!

Қадірлі ТЕМІРХАН САҚАҰЛЫ!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен  шын жүректен құттықтайды.

Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, абыройлы ұстаз-ғалым ретінде Сіз туған еліңіздің руханиятына үлкен үлес қосып келесіз.

Сонау 1972 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген соң орта мектепте мұғалім болудан басталып қазақ ғылымының қара шаңырағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорына дейін жалғасқан еңбек жолыныз – өнімді де өнегелі жол.  Қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған сіздің сүбелі еңбектеріңіз жас ғалымдар мен білімгерлерге рухани азық болып келеді. Жарты ғасырға жуық ұстаздық жолыңызда қаншама шәкірт тәрбиелеп шығардыңыз, Сіздің жетекшілігіңізбен қазақ әдебиеттануы бойынша докторлық, кандидаттық, магистрлік диссертациялар қорғалуда. Әдебиеттану және қоғамдық-әлеуметтік мәселелер бойынша 300-дей ғылыми мақала мен 9 кітап жазып, әдеби-сын, зерттеу еңбектерінізге қоса өлеңдеріңіз де республикалық басылымдарда, ғылыми жинақтарда, «Қазақстан» энциклопедиясында, біршама еңбектеріңіз Қытай, Ресей, Татарстан, Түркия елдерінде жарық көрген.

Қымбатты Темірхан Сақаұлы! Жеті асуға шыққан осынау мерейлі шағыңызда Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз,  ұлт болашағы жолындағы қажырлы еңбегіңіздің жемісін көріп, құрмет пен абыройға, ұстаздық бақытқа бөлене беруіңізге тілектеспіз.

АБАЙ ҒЗИ ұжымы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники