Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Март 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ – ГУМАНДЫ ПЕДАГОГИКА АНТОЛОГИЯСЫНДА

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығы адамгершілік және ізгілік туралы идеяларға толы екені белгілі. Гуманист ақынның ойлары өз халқының руханиятын байытып қана қоймай, бүкіләлемдік ақыл-ой қазынасына да үлес қосты.

Осының бір дәлелі ретінде «Антология гуманной педагогики» сериясының Мәскеуден жақында шыққан кезекті томын атап көрсетуге болады: Влияние среды культуры и духовности на воспитание молодежи. Просвещение и прогресс в развитии общества (по трудам Абая Кунанбаева); /Сост.:Л.Мусалы/. М. :Амрита-Русь, ИД Шалва Амонашвили, 2019 – 144с. – (Антология гуманной педагогики).

 

Жинақ материалдары филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің профессоры, ҚазҰУ жанындағы Абай атындағы ғылыми-зерттеу институтының директоры Жанғара Дәдебаевтың кеңесімен ұсынылған.

Әлемге танымал педагог, КСРО Педагогикалық академиясының академигі, гуманды педагогика концепциясының авторы, Гуманды педагогика Халықаралық орталығының басшысы Шалва Амонашвилидің ұсынысымен жарық көріп келе жатқан «Антология гуманной педагогики» сериясына бұған дейін Ж.Ж.Руссо, Р.Тагор, Л.Н.Толстой т.б. әлем ойшылдарының гуманистік ойлары енгізілген  және оған заманауи зиялы жанның түсіндірмелері қоса берілген. Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың еңбектері Гуманды педагогика антологиясына он үшінші жинақ ретінде еніп отыр. Кітап мұғалімдер мен ата-аналарға көмекші құрал ретінде ұсынылған. Кешен идеясының авторы және бұл томның редакторы — Ә. Ахметова.

Ақын шығармаларына алғашқы оқырман ретінде комментарийлер жазған – әдебиеттанушы ғалым, профессор А.Ж. Жақсылықов.

Жинақтың жарық көруіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары да үлкен үлес қосқанын айта кеткен жөн. Институт директоры, профессор Ж.Дәдебаевтың кеңесімен ұсынылған ақын шығармаларына алғашқы оқырман ретінде комментарийлер жазған –  әдебиеттанушы ғалым, профессор  А.Ж. Жақсылықов. Жинақтың құрастырушысы мен редакторы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент Абай ҒЗИ-дің жетекші ғылыми қызметкері Л.Ж. Мұсалы.

Жинақтың құрастырушысы мен редакторы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент Абай ҒЗИ-дің жетекші ғылыми қызметкері Л.Ж. Мұсалы.

Қазақ әдебиетінің  классигі А.Құнанбаевтың гуманистік ой-пікірлері педагогикалық тұрғыдан да мәнді де терең, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұлы ағартушының ескі мен жаңаның күресінде туған құнды гуманистік-педагогикалық идеялары әлі күнге дейін өзекті. Осындай құндылығымен Гуманды педагогика Антологиясына еніп отырған Абай Құнанбаевтың туындыларының өміршеңдігі қашан да арта бермек.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники