Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Ақжан Машановтың «ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АБАЙ» атты кітабы қайта жарық көрді

Ақжан Машановтың «ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АБАЙ» атты кітабы қайта жарық көрді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты ұсынған көрнекті ғалым Ақжан Машановтың «Әл-Фараби және Абай» атты зерттеу еңбегі «Қазақ университеті» баспасынан, «Абай институтының еңбектері» сериясымен жарық көрді.  Кітаптың алғысөзін жазған ‒  ҚазҰУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик  Ғ.Мұтанов, жалпы редакциясын басқарған ‒ филология ғылымдарының профессоры  Ж.Дәдебаев.

Шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің 1025 жылдығы және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай  қайта жарық көрген бұл еңбекте автор  қос данышпанның рухани байланысын, даналықтарының түпкі негізін, ілімдерінің әлеуметтік маңызын ашып көрсетеді. Ақжан Машанов фарабитану ғылымының негізін салушылардың бірі. Фарабидің еңбектерін түпнұсқада оқу үшін жасы алпыстан асқанда араб тілін меңгеріп, оның математика, музыка, алхимия, астрономия, жаратылыстану туралы зерттеулері мен пайымдарын ақтарады.

А.Машанов әл-Фараби мен қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың арасындағы рухани үндестікті байқап, осы тұрғыда іздене бастайды. Бұл жөнінде «Егер бізден  әл-Фарабиге ең жақын, рухани сабақтас адам бар ма деп сұраса, алдымен Абай дер едік. Екеуінің арасын жалғап тұрған ғажайып нәзік, тамаша берік рухани жіпті әлі таба алмай жүрміз. Әл-Фараби мен Абай арасын жақындастыру, үндестіру, халқымыздың мың жылдық рухани, мәдени-рухани дүниесін тірілту деген сөз», ‒ деп жазады автор. Осы бағытта біраз ізденген ғалым «Әл-Фараби және Абай» атты шағын зерттеу жұмысын жариялайды.

Ұлылардың мерейтойымен қатар келген қазақ қоғамының рухани жаңғыруы тұсында бұл еңбектің өзектілігі арта түседі. Кітап ғалымдар мен студенттерге, ЖОО оқытушыларына, зерттеушілерге, әл-Фараби мен Абай даналығынан үлгі алғысы келген көпшілік оқырманға арналады.

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники