Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Март 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Құттықтау

ҚҰРМЕТТІ ЗИНОЛ-ҒАБДЕН ҚАБИҰЛЫ БИСЕНҒАЛИ!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен  шын жүректен құттықтайды.

Сіз ұлағатты ұстаз, әдебиетші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жарты ғасырға жуық табан аудармай  ғылыми-педагогикалық қызмет атқарып келесіз. 1972 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін үздік бітірген соң, университет қабырғасында  аспиранттан профессорға дейін жалғасқан оқытушылық және ғалымдық жолыңызды зор қажыр-қайратпен, үлкен абыроймен жалғастырып келесіз. Ұстаздықпен қатар, ұйымдастырушылық, іскерлік қабілеттеріңіздің арқасында 2001-2009 жылдарда қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы меңгерушісі қызметін атқардыңыз.

ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы бойынша кандидаттық  және докторлық диссертацияларыңызда қазақ прозасының қалыптасуына ықпал еткен мерзімді баспасөз бетіндегі прозалық шығармалар мен көркем аударма, әдеби сын мәселелерін сан қырынан қарастырдыңыз. Болашақ әдебиетшілерге «Қазақ әдебиетінде проза жанрының қалыптасуы», «Қазақ прозасының поэтикасы», «Қазақ романының тарихы», «Ғ.Мүсіреповтің шеберлігі» атты арнаулы курстар жүргізіп, әдістемелік құралдары мен оқу бағдарламаларын әзірледіңіз. Сіздің жетекшілігіңізбен докторлық, кандидаттық, магистрлік диссертациялар қорғалды. Филология, журналистика, шығыстану факультеттеріне әдебиет тарихы мен теориясынан оқыған дәрістеріңіздің, қазақ прозасы бойынша арнаулы курстарыңыздың студенттер мен жас ғалымдар үшін танымдық-тағылымдық мәні зор болды. Сіздің ұстаздық еңбегіңіз еленіп, 2006-2007 оқу жылында «Жоғары мектептің үздік оқытушысы» атты ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған грант иегері атандыңыз. Сіз абайтану ғылымына да үлес қосып келесіз, «Абайдың қарасөзі: болмысы мен бітімі» атты ғылыми зерттеуіңіз  «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдығында жарияланды.

«ХХ ғасыр басындағы қазақ романы» атты монографияңыз Түркиядағы Мұғла университетінің баспасынан 2000 жылы екі кітап болып жарық көрді. Абай қарасөздері, Махамбет поэзиясы, М.Әуезов және Ш.Айтматов туралы ғылыми еңбектеріңіз Қытай, Жапония, Түркияда шет тілдерінде жарық көрді.  

Құрметті Зинол-Ғабден Қабиұлы! «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, Сіз  жеті белеске  әдебиетті оқыту, таныту жолындағы тынымсыз қызметіңізбен, еселі еңбегіңізбен шығып отырсыз! Осы өнегелі жолыңызды абыроймен жалғастыра беріңіз! Сізге, отбасыңызға, туған туыстарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, табыстар тілейміз.

Абай ғылыми-зерттеу институты

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники