Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

«ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙДЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ: ҚАЗІРГІ ӨРКЕНИЕТТЕГІ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен  2020 жылдың 27 қарашасында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙДЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ: ҚАЗІРГІ ӨРКЕНИЕТТЕГІ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн конференция өтті. Конференцияның тең модераторлары: Филология және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы, қазақ тіл білімі кафедрасы, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы, жалпы тіл білімі және европалық тілдер кафедрасы.

Кіріспе сөз Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанғара Дәдебайұлына берілді. Профессор Әл-Фараби мен Абай шығармашылығының зерттеу саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерімен таныстырды және бұл ғылыми жиынның филологиялық әлем қауымдастығы үшін маңыздылығын атап өтті. ҚазҰУ-да жарық көрген «Әл-Фараби энциклопедиясы» туралы профессор Бауыржан Жақып таныстырып өтті. Конференцияны Абай ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері Ләйла Мұсалы және филология ғылымдарының кандидаты Ерхан Карбозов жүргізді.

Конференцияға алыс-жақын бауырлас елдерден де ғалымдар қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті. Қырғыз ғылым академиясының академигі Абдылдажан АХМАТАЛИЕВ «Әл-Фараби мен Абай даналығы» атты тақырыпта, Түркия елінен философия докторы, Кастомону университетінің профессоры Орхон СӨЙЛЕМЕЗ  «Абай тұлғасы ақындардың көзімен» және Мұғла Сыткы Кочман университеті әдебиет факультеті қазіргі түркі тілдері және әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, доктор Аян ЕКРЕМ «Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы идеал жастар және «кәміл адам» мәселесі» тақырыбында, Ташкент Сәулет-құрылыс институтының профессоры философия және саяси ғылымдар докторы Насриддин НАЗАРОВ  «Орхон-Енисей жазба жәдігерлері мен Абай мұрасындағы тарихи үндестіктер» тақырыбында  баяндама жасап, абайтанудың шетелдерде жалғасын тапқанын атап өтті.
Отандық көрнекті ғалымдар ҚР БҒМ «М.О.Әуезов музей-үйі ғылыми мәдени орталығының» бас ғылыми қызметкері, профессор Айгүл ІСІМАҚОВА «Ахмет Байтұрсынұлы. Ұлы даладағы асыл сөз-ақыл сөз дискурсы: Ал-Фараби, Баласағұни, Абай» тақырыбында сөз сөйлесе,  Сүлеймен Демирел университетінің профессоры Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ «Әл-Фараби және Абай мұрасының ұлттық және заманауи маңызы» деген тақырыпта, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Темірхан ТЕБЕГЕНОВ Абайдың «Қара сөздерінің халықтық-педагогикалық маңызы мен мәні»,  профессор Арап ЕСПЕМБЕТОВ «Абайтанудағы жаңа бағыт»,  М.Әуезов атындағы ӘӨИ-дің профессоры Қанипаш МӘДІБАЙ «Абай шығармашылығы және мәтінтану мәселелері» тақырыбында ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, мазмұнды да қызықты баяндамалар қатарында ҚазҰУ  профессоры Әнуар Тарақовтың «Абай – адамзаттың алыбы», ҚазҰУ профессоры Анар САЛҚЫНБАЙ «Абай сөзінің лингвопоэтикасы», Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессоры Гүлнар Мұратованың «Абайдың тілдік тұлғасын зерттеу мәселелері», С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Айжан Қартаеваның «Абай Құнанбаев және Мұхтар Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық» т.б. баяндамаларын атап өтуге болады.

Сондай-ақ, жиынға Қарақалпақстанның Нөкіс қаласындағы Әжінияз атындағы педагогикалық университеттің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессор-оқытушылары мен жас ғалымдары, Өзбекстандағы Науаи атындағы педагогикалық институтының ұстаздары мен білімгерлер қауымы, Шығыс Қазақстан университетінің магистранттары қатысып отырды.

Әл-Фараби және Абай жылын қорытындылаған бұл конференцияда өз тақырыбы аясында өзекті де маңызды ғылыми мәселелер көтеріліп,   қатысушылар назарына ғылыми баяндамалармен қатар көптеген әдеби-танымдық ақпараттар көптеп берілді. Атап айтсақ, профессор Мекемтас Мырзахметұлының 10 томдық «Абайтану» зерттеуі жөнінде, ҚазҰУ-да жарық көрген «Әл-Фараби энциклопедиясы» туралы, «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық сериялық басылымының 1-50 томдар бойынша презентация, Абай ҒЗИ вебсайтындағы электронды көрме, «Абай әндері» бейнебаяны көрсетілді.

Конференцияның пленарлық мәжілісін Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанғара ДӘДЕБАЕВ қорытынды сөзімен түйіндеді.

Конференция одан ары «ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙДЫҢ РУХАНИ  МҰРАСЫ  ЖАС ҒАЛЫМДАР КӨЗІМЕН» атты жас абайтанушылардың онлайн ғылыми семинарына жалғасты.

https://us02web.zoom.us/rec/share/EoBNv7P4Me3J5_dpQc0sul5XAXt2is-aCMLS47_xDit4tCo6v9a-E8FykpKbfIK6.uXSFCrtikrWSV332?startTime=1606463677000

Л.Мұсалы, Ж.Оразбай, АБАЙ ҒЗИ қызметкерлері

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники