Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.

«Мені» мен «менікінің» айрылғанын

«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.

 

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?

 

Кім жүрер тіршілікте көңіл бермей,

Бақи[1] қоймас фәнидің[2] мінін көрмей,

Міні қайда екенін біле алмассың,

Терең ойдың телміріп соңына ермей.

 

Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,

Екеуі тап бірдей боп орныға алмас.

Дүниеге ынтық, мәғшарға[3] амалсыздың

Иманын түгел деуге аузым бармас.

 

 



[1] Мәңгі, ұзаққа созылатын

[2] Жалған, өтпелі (дүние)

[3] Діни ұғым бойынша заман ақыр болғаннан кейін адам баласының күнәсі тексерілетін орын

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники