Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Март 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сайт туралы

Сайттың атауы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай институты

Сайттың сипаты

Ғылыми, ақпараттық және әдеби бұқаралық ақпарат құралы.

Сайттың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай институтына қатысы

▪сайттың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай институтына қатысы өзара ынтымақтастық келісім аясында ақы-пұлсыз қолдау көрсету түрінде анықталады.

Сайттың басқа мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға қатысы

▪сайт өз жұмысын басқа мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға тәуелсіз жүргізеді.

Сайтта жарияланған материалдарға авторлық құқық жайы

▪сайтта жарияланған материалдардың авторлық құқығы көрсетілген авторларға тиесілі.

▪сайтта жарияланған материалдардың авторлық құқығы толық қорғалған.

Сайттың басты мақсаты

Абай шығармаларын, Абай шығармашылығы туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жинау, сақтау, жариялау, насихаттау.

Абай институтының ғылыми, ғылыми-ақпараттық, әдеби ресурстар қорын қалыптастыру және ұдайы толықтыру.

Сайттың міндеттері

▪Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми-зерттеу нәтижелерін жариялау, сақтау

▪Абайдың шығармашылық мұрасын әлем халықтары тілдерінде сақтау және көпшіліктің пайдалануына ұсыну

▪Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы елеулі, уақыт сынынан өткен зерттеулердің электронды қорын жасау, сақтау және көпшіліктің пайдалануына ұсыну

▪Тұтынушылардың сұраныстарына сай пайдалы ғылыми, ақпараттық және көркем шығармалардың электронды қорын жасау және көпшіліктің пайдалануына ұсыну

▪Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы әлем халықтары тілдеріндегі мәтіндердің электронды қорын қалыптастыру

Сайттың әлеуметтік маңызы

▪Тұтынушылар Абайдың әдеби мұрасын, абайтану саласында жинақталған және жаңадан жасалған ғылыми, ғылыми-көпшілік еңбектерді өз игіліктері үшін пайдалануға мүмкіншілік алады

▪Абайтану ғылымының дамуына, абайтанушы мамандардың кәсіби қалыптасуына ықпал етеді

▪Абайтану саласында көптомдық ғылыми еңбектер сериясының қалыптасуына үлес қосады

▪Тұтынушылардың интеллектуальдық өрісін кеңейтуіне қызмет етеді

▪Қоғамдық сананың өсуіне ықпал етеді

Сайттың тұтынушылары

Сайт материалдыры көпшілікке арналады: оқушыларға, студенттерге, магистранттар мен доктаранттарға, зерттеушілерге, оқытушыларға, кемелдікке ұмтылған жалпы көпшілікке.

Сайтта материалдар жариялаудың тәртібі

Сайтта материалдар жариялау туралы шешімді сайттың әкімдігі (бас редактор) қабылдайды.

Сайтта материалдар жариялау туралы шешім Абай институтының ұйғаруы негізінде қабылданады.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники