Басты бет
ҚҰТТЫҚТАУ!
Қадірлі ТЕМІРХАН САҚАҰЛЫ!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды.
Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, абыройлы ұстаз-ғалым ретінде Сіз туған еліңіздің руханиятына үлкен үлес қосып келесіз. Толығырақ »
АКАДЕМИК РӘБИҒА СӘТІҒАЛИҚЫЗЫ СЫЗДЫҚ 95 ЖАСТА
ҚҰРМЕТТІ РӘБИҒА СӘТІҒАЛИҚЫЗЫ!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Сізді, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигін, шын мәніндегі ҰЛТ ЗИЯЛЫСЫН мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Сіз бар саналы ғұмырыңызды қазақ тіл білімінің көкжиегін кеңейтуге, ана тілінің асыл қасиетін тануға арнадыңыз. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет ете жүріп Қазақстанның білімі мен ғылымының дамуына, қазақ елінің интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық санасының жаңғыруына зор еңбек сіңірдіңіз.
РУХАНИ СӘУЛЕТКЕР
Ахметжанов Дастан Галымжанович,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің
1-курс PhD докторанты
Алимжанова Алия Шарабековна,
Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның
Ф.ғ.к., доцент (ВАК), академия профессоры
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Ғабитов Тұрсын Хафизович – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, мәдениеттанушы. 1947 жылы дүниеге келген Тұрсын Хафизұлы Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Биағаш ауылының тумасы. Толығырақ »
ҚҰТТЫҚТАУ — 80
Аса құрметті Берікбай Сағындықұлы!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Сізді, қазақ тіл білімінің ардақтысын, Қазақстан Жоғары мектебінің көрнекті қайраткерін, сексенге келген мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Сіз 1957 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне (ол кезде – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті) оқуға түсіп, өз заманыңыздың үздік ғұламаларынан тәлім-тәрбие алдыңыз. Республиканың бас газеті «Социалистік Қазақстан» (Қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер болып қызмет етіп, үлкен шығармашылық тәжірибе жинақтадыңыз, маңдайалды стилист болып қалыптастыңыз. Толығырақ »
ҚҰТТЫҚТАУ
Ержан Байғожаұлы Жатқанбаев — 75 жас
Құрметті Ержан Байғожаұлы!
Сізді жетпіс бестің белесіне шыққан мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз — экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы жоғары мектеп ҰҒА академигі, Минералды ресурстар халықаралық академиясының мүшесі ретінде Қазақстан жоғары мектебінің өсіп-өркендеуіне, Қазақстан жоғары білімі мен ғылымының дамуына ерен еңбек сіңірген көрнекті қайраткерсіз.
Сіз Москва мемлекеттік университетінің экономика факультетін, аспирантурасын бітірген соң, еңбек жолыңызды жоғары мектеп саласында ассистент болып бастадыңыз. 1979-1984 жылдары Қазақстан Республикасы жоғары білім министрлігінде инспектор, 1984 жылдан бері қарай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, институт директоры, проректор қызметтерін абыроймен атқардыңыз. Толығырақ »
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Айтматов академиясының академигі, көрнекті әдебиеттанушы, ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры Жанғара ДӘДЕБАЕВ мемлекеттік «ҚҰРМЕТ» орденімен марапатталды.
Абай ғылыми-зерттеу институты ардақты ғалым-ұстазды, қайраткер басшыны осы Мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс, ұзақ өмір тілейді. Толығырақ »
ҚҰТТЫҚТАУ – 70 ЖАС
Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп Ұлттық ғылым академиясының, Қазақ Білім академиясының, Халықаралық Жоғары мектеп ғылым академиясының, Халықаралық Айтматов академиясының академигі ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЕВТЫ 70 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ардақты ҰСТАЗЫМЫЗҒА ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, шығармашылық табыстар, отбасына ырыс, береке тілейміз! Мерейіңіз тасып, құрметіңіз арта берсін!
Үлкен құрметпен, шәкірттері.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ АУДАРМА ІСІ КАФЕДРАСЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аса көрнекті әдебиетші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектеп Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Жанғара Дәдебаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ: ҰЛТТЫҚ КОД ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТАНЫМ» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция ұйымдастырады. Конференция 2018 жылы 23 қарашада, сағ.15.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 15 қабатында өтеді. Толығырақ »
«АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР» ХІ-ХХХV томдарының таныстырылымы
2018 жылы 20 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінде Абай ғылыми-зерттеу институты дайындаған «АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР» ХІ-ХХХV томдарының таныстырылымы өтті. Рәсімді Институт директоры ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЕВ жүргізіп отырды. Толығырақ »
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымының ХХХ-ХХХV томдары жарық көрді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспасынан АБАЙ ҒЗИ дайындап, құрастырған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымының ХХХ-ХХХV томдары жарық көрді. Толығырақ »