Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Басты бет

Жақан Молдабеков. АБАЙДЫҢ АДАМТАНУЫ

molda

Ж. Молдабеков

Абайтану — Абай мұрасының төте жолы, адам мен дүние мәселесіне барып тірелетін философиялық көзқарас. Кең мағынада абайтанудың «өз заманындағы қоғамдық мәселелерге, ақындық, көркемдік, эстетикалық мәселелерге, тәрбиелік, ұстаздық, педагогикалық мәселелерге, әсіресе адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар». М. Әуезов ескерткен Абайдың осындай мұралары әр қырынан талдануда. Десек те, абайтануды өмірдің ұлы ақиқатымен ұштастырарлық ізденістер үнемі жаңарып тұрмаса әрі абайтанудағы ақиқатты әр қауымның құлағына құйып, санасына сіңірмесе, онда ұлттық мәдениетте жалғастық баяулап, дәстүріміздің тұтастығына нұқсан келмек. Толығырақ »

Жанғара Дәдебаев. АБАЙДЫҢ «СЕГІЗ АЯҒЫ»: МӘН МЕН МАҒЫНА ПОЭТИКАСЫ

555

Ж. Дәдебаев

«Сегіз аяқ» [1] — бүтін бітім. Жүйелі бүтіндік. Абайтану ғылымында «Сегіз аяқ» хақында айтылған ойлардың маңызы зор. «Сегіз аяқтың»  «ұлы ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен бір белгідей әрі мол, әрі бар жағынан көркем келісті шыққан, зор шығарма» [2, 143] екендігі туралы М.Әуезов берген биік баға бүгінге дейін аласарған емес. Академик З.Ахметов «Сегіз аяқтың» мазмұнына да, пішініне де терең бойлап пікір түйеді. Ғалым өлең өзегінен «өмірді көрегендікпен тани білу, шындық пен әділеттілікті сарыла іздеу, халықты «түзу жолға», мәдени, прогрестік даму жолына, шығуға бағыттау сияқты аса маңызды идеялар айқын танылатынынa» [3, 57] көз жеткізеді, ал әнмен айтылғанда оны «басталуы бар, шарықтау шегі бар, аяқталуы бар симфониялық поэма түріндегі шығарма» [3, 223], — деп біледі. C.Мұқанов [4], Қ.Жұмалиев [5], Ж.Ысмағұлов [6] еңбектерінде негізделген ойлардың маңызы үлкен. Толығырақ »

Кәкен Қамзин. «Семипалатинские областные ведомости» ГАЗЕТІ АБАЙ АЙНАЛАСЫ ТУРАЛЫ

Кәкен-Қамзин

К. Қамзин

     Қазақ өркениетінің өрісі талай жылдар бойы концептуалдық және танымдық жағынан Ресей тарихының құрылымдық-тақырыптық аясынан аса алмады. Қазақ елі тарихи сахнаға күні кеше шыққандай, оның мәдениеті мен өркениеті әлемдік  эволюция контексінен тыс қарастырылды. Оған себеп – сақара кеңістігін зерттеу шын мәнісінде кеңес заманында ғана басталды деген идеяның дәуірлеуі. Соның салдарынан жетпіс жылдан астам мәдени-тарихи сана үздіксіздігі, ой-толғам сабақтастығы мен жалғастығы көбінесе еске алынбады. Тоталитарлық идеологияның, бір жақты ойлау жүйесінің қазақ қоғамына тигізген осындай ғаламат залалы қоғамдық ой-сананың қалғуына, кенжелеп барып оянуына әкеліп соқты. Толығырақ »

Көпжасар Нәрібаев. АБАЙ — ТҰТАС БІР ӘЛЕМ

пор

К. Нәрібаев

(Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл)

Әдебиет пен өнердің әрбір ірі өкілінің өзі – тұтас бір дүние – әлем деуге лайықты үлкен құбылыс. Ал әрбір ірі суреткердің шығармашылық мұрасы адамзат баласының өткені туралы өкінішіне, алдағысы туралы үмітіне толы боп келетіні белгілі. Абай және оның шығармашылық мұрасы жайлы да осыны айту орынды. Қазақтың ұлы Абай Құнанбайұлының өзін де, оның әдеби мұрасын да арғы-бергі дәуірдің баршасының, оның ішінде бүгінгі кезеңнің де көкейкесті мәселелері тұғыр-тұрғысы аясында ғана дұрыс тануға, жете ұғуға болады. Толығырақ »

Ауданбек Көбесов. ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙДЫ ҚАТАР ОҚЫҒАНДА

ШЫҒЫС ҒҰЛАМАЛАРЫ ЖӘНЕ АБАЙ

IMG

А. Көбесов

Данышпан Абайдың шалқар теңіздей ақындығының қайнар көздері жайлы аз айтылып, кем жазылып жүрген жоқ. Алайда оның ақын ғана емес, терең ойшыл-философ, білгір ғұлама болғаны белгілі. Ал ұлы ақынның бұл саладағы бастапқы нәр алған сусындаған бұлақ-бастаулары жөнінде, біздіңше, жетерліктей әңгіме, айрықша зерттеу болмаған сияқты. Толығырақ »

Сауытбек АБДРАХМАНОВ. САРЫНДАСТЫҚ САЛТАНАТЫ

сауытбек1

С. Абдрахманов

(Абайдың аудармашылық алыптығы)

Әуелде бұл мақаланы 10 тамызда, ұлы Абайдың туған күніне орайластырыла жариялау ойластырылған еді. Сол тұста қызып жатқан  сайлау сайысы кезінде заңды құрмет тұтатын, салиқалы басылым ретінде біз үміткерлер туралы мақалаларды былай қойғанда, үміткерлердің өздерінің мақалаларынан да тартына тұрған жөн деп шештік.  Жақында ол мәселенің басы ашылды. “Нұр Отанның” жарқын жеңісінен кейін депутаттар тізімін түзетін тұста  Елбасымыз қазіргі қызметін жалғастырғаны керегірек деп тапқан азаматтардың арасында болғанымызға разылығымызды білдіреміз.  Толығырақ »

Тұрсын Жұртбай. ҚАРАКӨК

385602_1897116657_448_Jurtbay_Tursin

Т. Жұртбай

«Қартайған адам –  қашан да король Лир сияқты». Гете

Құнанбайдың аузына сөз, қолына билік тиген тұс – көшпелілер дәуірінің кемеліне келіп, шарасына тола лықсыған, яғни, феодализм – қоғамдық формация ретіндегі даму шегіне жеткен, енді диалектиканың заңы бойынша тоқырауы басталған шағы еді. Әуелі де аз билікті малданған Құнанбай жігіт ағасы атанған шақта заман тұтқасының қолынан сусып шығып бара жатқанын, көшпелілердің сан ғасырдан бергі қалыптасқан дәстүр-заңының ықпалы азайғанын, тіпті, толықсыған толқынның деңгейі күрт төмендеп бара жатқанын аңғарып, жанталаса жағадағы кәрі тамырға жабысты. Сол би мен бектің мүддесі үшін қиянатқа да барды, тізе де батырды. Толығырақ »

Бейсембай Кенжебаев. АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ

390936_312273813_524_Kenjebaev_Beysembay

Б. Кенжебаев

Абай қазақтың феодал табынан шықты: оның өз әкесі Құнанбай, арғы аталары Ырғызбай, Өскенбай — ірі бай, феодал, әйгілі би, сұлтан болған, ел ішінде үстемдік жүргізген, феодализмнің барлық уытын жайған адамдар. Солай бола тұрса да, дарынды Абай өзі шыққан таптың сөзін сөйлемеді, еңбекші таптың сөзін сөйледі, халықтың мүддесін қорғады. Атаның ұлы болмады, адамның ұлы болды.

Қара сөздерінің бірінде Абай: «Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойландым», — дейді. Өзінің бай-жуандардан, би-болыстардан жерігенін айта келіп, Абай әлгі ойына өзі былай жауап береді: «Енді, әлбетте, момындығынан: «ырыс баққан дау бақпас» деген мақалмен болам деп, бергенімен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштықпен баға алмай, өзі залым, қуларға жеміт болып жүрген момын шаруаны аямасаң, соның тілеуін тілемесең болмайды, сонан басқаны таба алмадым», — дейді (22-қара сөзінен). Толығырақ »

Мұхтар Әуезов. АБАЙ АҚЫНДЫҒЫНЫҢ АЙНАЛАСЫ

Auesov

М. Әуезов

Бұл мақалада біз Абай ақындығы туралы ертеді кеш айтылып жүрген әр түрлі сөздерді, әр алуан жайлардың көбіне соқпаймыз. Бұл көп тексеріліп, зерттелмеген, сонылау бір саланы ғана сөз қылмақпыз. Ол — Абай ақындығының, Абай шығармаларының айналасы. Ақын өзі көріп, сезіп, өзі ойлап қорытқан өмір материалынан басқа басқа әдебиет дүниесінен де бұйым алады. Абайдан қалған мұраның ішінде көп оқушыға даусыз боп, айқын сезілетін сыртқы әдебиеттер белгілері бар. Ол — Шығыс әдебиеттері мен Батыс әдебиетінен қосылған белгілер. Екінші, бұдан бөлек, ақынның өз тұлғасы сияқты боп қалыптанған барлық әдеби мұраларынан бұтақша таралып өсіп, жырыла шыққан тұмалар бар — әдебиет тұмалары. Толығырақ »

Қалижан Бекқожин. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ

images

Қ. Бекқожин

Ақын Абай совет халықтарының өткендегі әдебиет данышпандарының бірі.Оның есімі кешегі Пушкин, Лермонтов, Щевченко, Руставели, Низами, Новаи сияқты ұлы ақындардың есімімен қатар түседі,оның шығармаларының әлеуметттік,көркемдік қуатының маңызы зор.

Абай біздің халқымыздың мақтанышы,оның бізге қалдырған мұрасы социалистік мәдениеттің игілігі. Оның көркем шығармалары әрі әсерлі, әрі терең мазмұнды, пікір сергіту азығы, әрі тәрбиесі — осы қасиеттері арқылы да біздің заманымызға Абай шығармалары қызмет етеді. Оның ақындық құсы мәңгі ұмытылмайды. Толығырақ »