Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Электронды конференция

АБАЙДЫ БІЛМЕК ПАРЫЗ — 2013

Жоғары оқу орындары студенттерінің

ғылыми конференциясы

(Конференция жайында) 

 

Конференцияның төрағасы:

Жанғара Дәдебаев,

филология ғылымдарының докторы,

профессор

 

«Абайды білмек парыз» деген атпен студент жастардың электронды ғылыми конференциясы тұрақты түрде өтетін болады.

Конференцияның мақсаты — студент жастарды Абайдың өмірі мен шығармашылығын білуге, зерттеуге, насихаттауға баулу.

Конференцияда Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеуге шек қойылмайды. Тіл білімі, әдебиеттану, мәдениеттану, философия, педагогика, этика, эстетика, әлеуметтану және басқа ғылым салаларында, сондай-ақ бірнеше ғылым тоғысында пәнаралық сипатта дайындалған баяндамаларға ерекше мән беріледі.

Конференцияға Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алушы жастар ешбір шектеусіз қатыса алады. Қазақстаннан тыс жерлердегі жоғары оқу орындарында білім алып жүрген жастардың қатысуына да жол ашық.

Конференцияның тұрақты ұйымдастыру комитетіне келіп түскен баяндамалар алдынала сараптан өтеді. Аса қажет болған жағдайда, конференцияға келіп түскен баяндамалардың мәтініне стильдік  тұрғыда редакция жасалуы мүмкін.

Конференция материалдары сайтта жайғастырылғаннан кейін жарияланған болып есептеледі.

 

Конференцияға қатысуға

тілек білдіргендер өз баяндамаларын (Word немесе  PDF форматында)

 мына мекенжайға жіберуіне болады: Abai_inst@mail.ru

Конференцияның

жауапты хатшысы

Ерхан Карбозов

 erkhan__76@mail.ru

Конференция материалдары (1 бөлім)

 

М.Молдағалиева. Гетенің «Жолаушының түнгі жыры» өлеңінің тәржіма нұсқаларына талдау немесе Абай мен Гете жақындығы туралы бірер сөз

 Ғылыми жетекшісі проф. Ә.Тарақ

Г.Даутова. Ұлылар үндестігі

 Ғылыми жетекшісі проф. Ж.Дәдебаев

Т.Есентаева. Абайдың аудармашылық өнеріндегі лексикалық-семантикалық бара-барлық мәселесі туралы («Қараңғы түнде тау қалғып» негізінде)

 Ғылыми жетекшісі доц. Г.Қазыбек

А.Алпысбаева. Қараңғы түнде тау қалғып…

 Ғылыми жетекшісі проф. Ж.Дәдебаев

Л.Шаяхметова. Қараңғы түнде тау қалғып

 Ғылыми жетекшісі проф. Ә.Тарақ

А.Сметова. Гетенің «Жолаушының түнгі жыры» өлеңінің түпнұсқасы мен аудармаларын салыстырып талдау

 Ғылыми жетекшісі проф. Ә.Тарақ

Ә. Тапенова. Қараңғы түнде тау қалғып

 Ғылыми жетекшісі доц. Л.Мұсалы

Конференция материалдары (2 бөлім)

 

Г.  Даутова. Абайдың “Ескендір” поэмасының шет тілдеріне аударылу мәселесі

Т. Есентаева. Шығармадағы лексика-семантикалық баламалылық және эквиваленттілік (Абайдфң «Қарасөздері» негізінде)

Ә. Нурбекова. Чейз Джеймстің «Із қалмасын» романының аудармасындағы балама және сәйкестік түрлері

Ә. Тапенова. Әдеби байланыс және көркем аударма

А.  Алпысбаева.  Абай өлеңдеріндегі метафоралар және оларды аударудың (ағылшын, неміс тілдеріне) функционалды-когнитивті ерекшеліктері

М. Молдағалиева. Абай поэзиясы және алаштықтардың ұлттық идеясы

 Л. Шаяхмет. Дж.Байронның «Еврей әуендерінің» қазақша аудармалары