Абайдың шығармашылығы
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі, тұмар тағылса да.
Қыжыртпай мені сырттан жүре алмайды,
Кім желігіп, қай шеттен қағынса да. Толығырақ »
Түбінде баянды еңбек егін салған
Түбінде баянды еңбек егін салған.
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Тоты құс түсті көбелек
Тоты құс түсті көбелек
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек. Толығырақ »
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын,
Түбін ойлап, уайым жеп айтқамын.
Ақылдылар арланып ұялған соң,
Ойланып түзеле ме деп айтқамын. Толығырақ »
Тайға міндік
Тайға міндік,
Тойға шаптық,
Жақсы киім киініп.
Үкі тақтық,
Күлкі бақтық,
Жоқ немеге сүйініп. Толығырақ »
Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?
Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?
Баяғы күш, баяғы түсің бар ма?
Алды — үміт, арты — өкініш алдамшы өмір,
Желігін жерге тықпас кісің бар ма?! Толығырақ »
Сәулең болса кеудеңде
Сәулең болса кеудеңде,
Мына сөзге көңлің бөл.
Егер сәулең болмаса,
Мейлің тіріл, мейлің өл. Толығырақ »
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Толығырақ »
Сен мені не етесің?
Сен мені не етесің?
Мені тастап,
Өнер бастап
Жайыңа
Және алдап,
Арбап,
Өз бетіңмен сен кетесің. Толығырақ »