Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

«Абайтану» Ғылыми-әдістемелік семинары

%d1%82%d0%b8%d0%b3%d1%83-%d1%81%d0%b5%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d1%80Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Тараз инновациялық гуманитарлық университетінде «Абайтану» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинарын өткізді. Семинар ұлы Абай шығармашылығын зерттеу, оқыту және насихаттау мақсатында  дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді. Ғылыми-әдістемелік жиынға ТИГУ оқытушылары мен ғалымдары, сондай-ақ, Тараз қаласы орта мектеп, гимназияларының «Абайтану», «қазақ әдебиеті», «қазақ тілі» пәндерінің мұғалімдері қатысты. Семинар бағдарламасы 48 сағатқа есептелген Тыңдаушыларға Абай ҒЗИ-дың ресми сайты, «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық басылымы таныстырылды, абайтану бойынша кейбір өзекті мәселелер талқыға салынды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық бірегейлік мәселесі Абай Құнанбаев есімімен тығыз байланысты екендігі туралы мәселе қозғалды. Осы бағытта «абайтану» курсын ЖОО-лардағы гуманитарлық мамандықтардың бәріне де жүргізудің өзектілігі атап өтілді.


Семинарды Абай институтының ғылыми қызметкерлері өткізді. Семинарға қатысқан тыңдаушыларға «Абайтану» ғылыми-әдістемелік семинарының бағдарламасын толық игергені туралы сертификат берілді. Тыңдаушылардың семинар бағдарламасы бойынша дайындаған әдістемелік зерттеу жұмыстары мақала түрінде Абай институтының вебсайтында http://abai.kaznu.kz/ жарияланады.

Ләйла Мұсалы, ҚазҰУ-дың доценті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники