Өлеңдері
ҚАРА ҚАТЫНҒА
Қара қатын дегенге, қара қатын,
Үзіп-жұлып алып жүр қанағатын.
Ала жаздай байың кеп бір жатпайды,
Қазақтың не қыласың шарағатын[1]. Толығырақ »
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас — бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. Толығырақ »
Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?
Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?
Сұлуы бұл заманның тек жатпаған.
Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң,
Алмасы өкпе болар қол батпаған. Толығырақ »
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Толығырақ »
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды. Толығырақ »
Қажымас дос
Қажымас дос халықта жоқ,
Айнымас серт қайда бар?
Алда көрген артта жоқ,
Мысқыл, өсек, айла бар. Толығырақ »
ҚЫЗДАРҒА
Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең,
Адалдыққа бар елдің зоры Бәкең,
Ұры-қары көбейіп, к… шөмейтіп,
Неге болды бар елдің қоры Бәкең? Толығырақ »
Күшік асырап
Күшік асырап, ит еттім,
Ол балтырымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген болды, мені атты.