Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Февраль 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  

Қажымас дос

Қажымас дос халықта жоқ,

Айнымас серт қайда бар?

Алда көрген артта жоқ,

Мысқыл, өсек, айла бар.

 

Жақсылығың күнде ұмыт,

Бір жаңылсаң, болды кек.

Пайдасынан бой суыт,

Өзі тимей жүрсе тек.

 

Пайда, мақтан өзінен

Артыла ма ант ұрып?

Жарыса өсек сөзінен,

Айта берсін шарқ ұрып.

 

Кімге достық көп еттім –

Түбі болды бір кейіс.

Жақсы өмірім әуре еттің,

Жар таба алмай бір тегіс.

 

Жау қожаңдап бұртайып,

Дос құбылып, әуре етер.

Кімі тентек, кімде айып

Тексере алмай өмір өтер.

 

Сыйласарлық тектінің

Кім танымас нұсқасын.

Күнде өзімшіл ептінің

Несін адам ұстасын…

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники