Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Басты бет

Балемер Сахариев. ӨШПЕС МҰРА

414847_2113845644_908_Saxaryev_Balamer

Б. Сахариев

Абайды біз ұлы ақын дейміз. Мұның өзі әрбір юбилей күндерінде жазылатын мақалаларға тән жалпы мақтау сөздер болмаса керек. «Ұлы» немесе «Данышпан» деген мақтау сөздерді әртұста әркімге қолданатын уақыттар болады. Бірақ, соның бәрі бір дәрежеде емес. Абай есімі аталғанда «Ұлы», «Данышпан» деген сөздер еріксіз келіп оралады. Бұл сөздер айтылмаса, Абай есімі өгейсіп тұрғандай.

Абай ас беріп, ат мінгізіп, шапан жапқан бай үйінің «салтанатын, мырзалығын» мақтап сарнаған ақындарға қарсы күрес ашты. Өлеңді күнкөрістің құралы етіп, кәсіпке айналдырушылдыққа жан-тәнімен қарсы болды. Толығырақ »

Мұхаметжан Қаратаев. АБАЙДЫ АРМАНДАСАҚ

images

М. Қаратаев

Қай халықтың да белгілі бір заманда бетке ұстап, бедел тұтар дара тұлғалы данышпаны болады. Ол өзінің озық ой, санасымен халқының тарихи дамып жеткен бүгінгі рухани дәрежесін таныта отырып, оның алдындағы болашақ мұрат межесін меңзейді. Сондай кісінің бірі және бірегейі біздің қазақ халқының өткен ғасырда өмір сүрген ұлы ұлттық ақыны Абай екені әмбеге аян. Абайды 1936 жылғы тұңғыш мақаламда алғаш рет «Ұлы  ұлттық ақын» деуіме И.Г. Белинскийдің Пушкинді дәл осылай бағалауы бірінші себеп болған еді. Толығырақ »

Ғаббас Тоғжанов. АБАЙДЫҢ РЕАЛИЗМІ

 

428572_145468367_1018_Togjanov_Fabbas

Ғ. Тоғжанов

Абайдың өзінің 20 жылдай жазған ақындық өмірінде өлеңінің көбін қазақтың әлеумет құрылысы жайында жазады. Абайдың өлеңдерінде, мақалаларында әлеуметке тимейтін сөзді аз табасың:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін,

Көкірегі сезімді, көңлі ойлыға

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Толығырақ »

«АБАЙТАНУ» республикалық оқу-әдістемелік семинары

SAM_25342015 жылы 2-3 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының базасында «Абайтану» атты республикалық оқу-әдістемелік семинар өткізді.

Семинар бағдарламасына сәйкес тыңдаушыларға Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Жанғара Дәдебаев, ҚазҰУ профессорлары, әдебиеттанушы-ғалымдар Қанипаш Мәдібаева, Темірғали Есембеков, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессоры Рахымжан Тұрысбеков, ғалым Дандай Ысқақов абайтанудың заманауи мәселелері, абайтану тарихы бойынша дәріс оқыды. Орта мектептің «Абайтану» пәнінің мұғалімдеріне арналған семинарда инновациялық мазмұн, инновациялық технологиялар қарастырылды. Сондай-ақ семинарда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ҒЗИ-дің сайтының құрылымы таныстырылып, абайтану бойынша қосымша материалдар ұсынылды. Толығырақ »

Манап Хасенов. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ СЫН

 

Абай шығармаларында өмірдің әр алуан жақтарын қамтылады. Ақынның көтерген негізгі мәселесінің бірі, өз тұсындағы жұртшылық кемшілігін сынға алу болды. Бұл жөнінде өз көзімен көрген, өз басынан кешірген жағдайларды да сөз етті ол. Ел ісіне, қоғамдық мәселелерге тікелей араласа келіп, Абай әділетсіздікті көрді. Бай- феолдалдардың қулық-сұмдығын, зұлымдығын әшкереледі, би- болыстардың бүлдіргіштік әрекетін ашты. Толығырақ »

Мүбәрәк Үмбетаев. АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ЖӘНЕ ЗАМАНДАСТАРЫ

 

personalPhoto467_jpg

М. Үмбетаев

         Қазақ халқының ХІХ ғасырда өмір сүрген оқымысты, өнерпаз ұлы тұлғаларының соңдарында қалдырған көркем әдеби-ғылыми шығармашылықтары біздің шығу бастау көзін көнеден алатын көркем сөз өнеріміздің аса айтулы бай қазыналарының қатарынан мәртебелі орын алады. Өйткені, ХІХ ғасыр – қазақ елінің тарихында бұрын-соңды болмаған қатері аласқа кететін, өте зардапты, алмағайып әлеуметтік оқиғаларымен ерекшеленеді. Бұлай болатын себебі жалпы түркі жұрттарына барынша жайсыз тиген он тоғызыншы ғасыр соно-о-у 1731 жылы басталған Ресей империясының Орта Азия атырабына жан сала аттанған бет қаратпас, ожар отаршылдық шабуылының әбден асқынып, шегіне жеткен кезі еді. Толығырақ »

Мұхтар Мағауин. ЖАҢА ЭПОС ЖАСАУ ЖОЛЫНДА

411785_744798868______________________________1_

М. Мағауин

 Қазақ поэмасының, нақты сыпаты, өзіне хас түр-тұлғасы бар поэманың, жасалуы кейініректе мүлде дерлік жаңа жанр прозаның, оның күрделі формасы ро­манның тууы мен қалыптасуына пара-пар, аса күрделі процесс болды. Халықтық эпостың көне дәстүрі, бұл саладағы туындылардың шегіне жете дамып, биік көркемдік өреге көтерілуі, ал ғасырдың соңғы ширегінде қисса, хикаят аталатын, өлеңмен жазылған аңыздық-романдық эпостың үлкен табысқа жетуі басқа пішім, өзгеше үлгідегі жанрдың қадамын қысқартып қана қойған жоқ, оның әдеби шеруден өз орнын алуына, өлең сөздің жаңа үлгілерінің дамуына да бөгесін болды. «Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз,  Мұнда жоқ алтын иек, сары ала қыз» –  эстетикалық идеал ғана емес, тақырып таңдаудың да үлгісі. Толығырақ »

Ыcқақ Дүйсенбаев. АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ

Әдебиетіміз тарихындағы ерекше зор орнына орай, Абайдың өмірі мен шыққан ортасы, жасаған дәуірі мен қалдырған мұрасы және кемеңгер классиктің кейінгі буын ақындарға тигізген әсерін сөз ететін үлкенді-кішілі еңбектер, мысалы жеке мақалалар, көлемді монографиялар, дипломдық жұмыстар мен диссертациялар аз жазылған жоқ. Алайда, қазақ әдебиетіне Абайдың әкелген соны жаңалықтары ұшан-теңіз көп Толығырақ »

Тәкен Әлімқұлов. АБАЙ ӨМІРІ – ҒАЖАП ӨМІР

880260_1793044132_164s_Alimkulov

Т. Әлімқұлов

Абай өмірі — ғажап өмір. Бесікте әнмен әлдиленген ол көшпелі елде, әртүрлі рулардың салтында әсершіл боп өседі. «Махаббат пен ғадауатқа» ерте қанығады. Тіршіліктің шұғылалы жағы мен көлеңкелі жағын түгел таниды. Бармағынан бал тамған өнерпаздарға қызықса, қарапайым жандардың ішкі сұлулығына сүйсінсе, үй ішіндік, рулық, таптық шәркездіктерге жауап іздеуге тиісті болады. Бұған құбылмалы табиғаттың әсерін қосыңыз. Шыңғыстау атырабы кектемде құлпырып, жазда шалқыса, күзде қуарып, қыста қылышын сүйретіп шыға келеді. Жайлы мәуіртте желпіндірсе, жайсыз шақтарда шыныктырады. Алмасқан дүние, қайшы әсер! Толығырақ »

Ғаббас Тоғжанов. АБАЙДЫ ӘЛІ ТОЛЫҚ БІЛГЕНІМІЗ ЖОҚ

 

428572_145468367_1018_Togjanov_Fabbas

Ғ. Тоғжанов

Қазақтың ескі әдебиет мұрасынан өзге ақындарға қарағанда көбірек, толығырақ тексерілген ақын — Абай. Абай жайында төңкерістен бұрын орыс, қазақ тілдерінде қазақ ұлтшылдарының көсемдері Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мержақып Дулатұлының мақалалары шықты. Төңкерістен кейін Семейде «Абай» журналы шыға бастады, сонда Жүсіпбек, Екеу дегендердің Абай жөнінде сын мақалалары басылды. Совет тұсында 1922-23 жылдарда «Ақ жол», «Еңбекші қазақ» газеттерінде Абай жайында Сәбит, Ғабдырахман Сәғдилардың сын мақалалары басылды. Бертін келе Мұстамбайұлы Ыдырыс пен Сәбит, Ілияс араларында Абай жайында үлкен айтыс болды. Толығырақ »