Абайдың шығармашылығы
Ішім өлген, сыртым сау
Ішім өлген, сыртым сау,
Көрінгенге деймін-ау.
Бүгінгі дос — ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?! Толығырақ »
Заман ақыр жастары
Заман ақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне бірі қастыққа –
Қойнына тыққан тастары. Толығырақ »
Жүректе қайрат болмаса
Жүректе қайрат болмаса
Ұйықтаған ойды кім түртпек?
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек. Толығырақ »
Жүрек — теңіз
Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас,
Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.
Жүректен қызу-қызба кете қалса,
Өзге тәннен еш қызық іс табылмас. Толығырақ »
Жүрегім, ойбай, соқпа енді!
Жүрегім, ойбай, соқпа енді!
Бола берме тым күлкі.
Көрмейсің бе, тоқта енді,
Кімге сенсең, сол шикі. Толығырақ »
Жүрегім, нені сезесің
Жүрегім, нені сезесің
Сенен басқа жан жоқ па?
Дүниені, көңлім, кезесің,
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта! Толығырақ »
Жігіттер
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат[1]. Толығырақ »
ЖІГІТ СӨЗІ
Айттым сәлем, қалам қас,
Саған құрбан мал мен бас.
Сағынғаннан сені ойлап,
Келер көзге ыстық жас. Толығырақ »
Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны — терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп. Толығырақ »