Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

ЖІГІТ СӨЗІ

 Айттым сәлем, қалам қас,

Саған құрбан мал мен бас.

Сағынғаннан сені ойлап,

Келер көзге ыстық жас.

 

Сенен артық жан тумас,

Туса туар — артылмас.

Бір өзіңнен басқаға

Ынтықтығым айтылмас.

 

Асыл адам айнымас,

Бір бетінен қайрылмас.

Көрмесем де, көрсем де,

Көңілім сенен айрылмас.

 

Көзім жатқа қарамас,

Жат та маған жарамас.

Тар төсекте төсіңді

Иіскер ме едім жалаңаш.

 

Иығымда — сіздің шаш,

Айқаласып тай-талас,

Ләззәт алсақ болмай ма,

Көз жұмулы, көңіл мас.

 

Сізде — сымбат, бізде — ықлас,

Осы сөзім бәрі рас.

Сіздей жардың жалғанда

Қызығына жан тоймас.

 

Етің етке тигенде,

Демің тиіп сүйгенде,

Тән шымырлап, бой еріп

Ішім оттай күйгенде.

 

Жүрек балқып игенде,

Ішкі сырды түйгенде,

Іздеп табар сұңқармын

Жарастықты шүйгенде.

 

                                                                                                          Қылығыңда жоқ оғат,

Қарап тойман жүз қабат.

Ыстық тартып барасың

Бір сағаттан бір сағат.

 

Сіз — қырғауыл жез қанат,

Аш бетіңді, бер қарат,

Жақындай бер жуықтап,

Тамағыңнан аймалат!

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники