Абайдың шығармашылығы
ЕСКЕНДІР
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары — оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңідді,
Мактан сүйгіш, қызғаншақ адам екен. Толығырақ »
Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында
Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында,
Хан да жанын қыяды қыз жолында.
Алтын-күміс кигені, қамқа, торғын,
Күтуші қыз-келіншек жүр соңында. Толығырақ »
Бір дәурен кемді күнге — бозбалалық
Бір дәурен кемді күнге — бозбалалық,
Қартаймастай көрмелік, ойланалық.
Жастықта көкірек зор, уайым жоқ,
Дейміз бе еш нәрседен құр қалалық. Толығырақ »
Білектей арқасында өрген бұрым
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?! Толығырақ »
Байлар жүр жиған малын қорғалатып
Байлар жүр жиған малын қорғалатып,
Өз жүзін, онын беріп алар сатып.
Онын алып, тоқсаннан дәме қылып,
Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып? Толығырақ »
Бай сейілді
Бай сейілді,
Бір пейілді —
Елде жақсы қалмады.
Елдегі еркек
Босқа селтек
Қағып, елін қармады. Толығырақ »
Бірінші сөз
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық — әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын! Толығырақ »
Екінші сөз
Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді: «енеңді ұрайын кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан корыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе, щаршап, жаяу жүрсе, демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңізші, түкке ыңғайы келмей-тұғын солдат ноғай, қашқын ноғай, «башалшік»[1] ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп. Толығырақ »