24-Май, 2013
Бейсембай Кенжебаев. АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ
Абай қазақтың феодал табынан шықты: оның өз әкесі Құнанбай, арғы аталары Ырғызбай, Өскенбай — ірі бай, феодал, әйгілі би, сұлтан болған, ел ішінде үстемдік жүргізген, феодализмнің барлық уытын жайған адамдар. Солай бола тұрса да, дарынды Абай өзі шыққан таптың сөзін сөйлемеді, еңбекші таптың сөзін сөйледі, халықтың мүддесін қорғады. Атаның ұлы болмады, адамның ұлы болды.
Қара сөздерінің бірінде Абай: «Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойландым», — дейді. Өзінің бай-жуандардан, би-болыстардан жерігенін айта келіп, Абай әлгі ойына өзі былай жауап береді: «Енді, әлбетте, момындығынан: «ырыс баққан дау бақпас» деген мақалмен болам деп, бергенімен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштықпен баға алмай, өзі залым, қуларға жеміт болып жүрген момын шаруаны аямасаң, соның тілеуін тілемесең болмайды, сонан басқаны таба алмадым», — дейді (22-қара сөзінен). Толығырақ »
