Қайым Мұхамедханов. Ұлы ұстаз
Абайдың ақындық еңбегі қазақ әдебиетін жаңа бағытта ілгері дамытумен бірге, қазақ қоғамының дамуына да игі әсер етті.
«Әдеби шығарма тек көркемдік қасиетімен ғана емес, қогамның дамуына ететін игі әсерімен, эдебиетгі ілгері да-мытудағы әсерімен бағаланады», — дейді Н.Г.Чернышевский.
Абай өзінің бойына біткен табиғи талантын, ақындық өнерін, ақыл-ойын, жігер-қайратын, парасат-білімін, бүкіл саналы өмірін туған халқына арнады. Халқының бақытты, ерікті ел болуын, өнер-білімді, мәдениетті елдермен терезесі тең болуын мұрат-мақсат етіп, сол ұлы арман жолында аянбай адал еңбек сіңіруді азаматтық, адамгершілік борышым деп білді. Абай тек қазақ сахарасының перзенті болып қал-ған жоқ. Ұлы гуманист Абай: «Әкесінің баласы — адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың», «Адам деген даңқым бар!» деп бүкіл адамзат баласына жар салды.
Абай өз халқының ең ардақты, аяулы арманын, ой-пікірін, терең сезім-сырын, ұлттық мінез-қүлқын жеріне жеткізе жырлаған, жарқын бағыттағы жаңа жазба әдебиеттің атасы, қазақ көркем әдебиетінің көрікті тілін ұстартқан, құдіретті ақындық өнерімен үлгі-өнеге жайған классик ақын.
Ақын — ағартушы Абайдың мақсаты:
Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ.
Әлеуметтік мазмүны терең, асқан шеберлікпен жазылған ақын өлендері өз заманының шындық бейнесін әдебиет айнасына айнытпай тұсірумен қатар, халықтың келешекке бой ұрған ой-санасының жетекшісі болды.
Казақтың өлең-жырын ертедегі ел көшінің ескі сүрлеуінен алып шығып, жарқын дүние, нүрлы өмірге бағыттайтын даңғыл жолға салған Абай:
Ескі бише отырман бос макзлдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелдідындаушы сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяндап, —
деп жаңғырған жаңа әдебиеттің көш бастаушы көсемі болды. Қазақтың ақындық өнерін, нағыз кең ұғымдағы халықтық шын ұлттық дәрежеге келешекте бүкіл әлемге әйгілі боларлық шырқау биікке көтерген тұңғыш классик ақын да Абай.
Максим Горький Пушкинге арнаған мақаласында: «Әдебиеттің өте маңызды ұлттық мәні бар екендігін бірінші көре білген, кеңседе, патша сарайында отырып, қызмет істеуден де артық деп санаған Пушкин ғана. Жазушы атағын жоғары көтерген, қол жеткісіз биікке шығарған да Пушкин», — десе, Горькийдің Пушкинге арнаған осы әділ сөзін, Абайға да арнап, еркін айта аламыз.
Қазақ жазба әдебиетінің тарихында ақынның атағын аспанға көтерген, Горькийше айтканда «Қол жеткісіз биікке шығарған да» Абай. Абай да Пушкин сияқты ұлықган, бар мансап, бар дәрежеден де ақындықгы ардақгап, әдебиет-ті қадір түтқан оқушы жастарға арнаған өсиет өлеңінде: «Ойында жоқ бірінің, Салтыков пен Толстой, я тілмаш, я адвокат болсам деген бәрінде ой… Военный қызмет іздеме, оқалы киім киюге, қызмет қьшма оязға, жанбай жатып сөну-ге», — десе, шен күмар, мансапқорларды:
Мәз болады болысың, аркдға үлық қакқанға,
Шелтірейіп орысың, шенді шекпен жапқанға.
Күнде жақсы бола ма, бір қылығы жакқанға,
Оқалы тон тола ма, ар-үятын сатқанға?! —
деп шенейді.
Орыс әдебиетінен алған үлгі-өнеге, Абайдың халықтық идеясын терендетіп, әдебиеттің ең басты міндеті халық өмірін, халық мүддесін жырлау екендігін айқындай түсті. Қазақ халқы өзінің мәдениет тарихына көз жібергенде, адастырмас жол көрсеткен орыс халқының ұлы мәдениетін зор құрметпен атайды. «Казақ халқының қалың бұқарасы орыс халқының қалың бүқарасымен достық көзқараста болған, орыс халқын аға санағаны сияқты, озық пікірлі орыс әдебиетін, оның Пушкин сынды данышпан өкілін Абай да өзіне үлгі, мектеп деп білді» (М.Әуезов).
Пушкин шығармаларының негізгі идеясы патша үкіметінің деспотизіміне қарсылық, халықтың правосын қорғау, халықты сүю, әділетті жақтау, бостандықты аңсау еді. Бұл Пушкин заманындағы ең озық идея болатын. Гуманизм, өмірді сүю, оптимизм — Пушкин поэзиясының негізгі желісі. Пушкин шығармалары орыс халкының шындық өмірінің айнасы болды. «Орыс әдебиеті тек Пушкиннен басталады, өйткені оның поэзиясында орыс өмірінің тамыры соғады», — дейді Белинский.
Орыстың XIX ғасырдағы ең ірі ақын, жазушыларына Белинскийдің идеясы өнегелі мектеп болды. Орыс әдебиетінің ұлы классиктері Белинскийді өздерінің әрі қатал, әрі әділ сыншысы, айнымайтын, аумайтын терең негізді озық ой-пікірдің жетекші-көсемі, ұстазы деп санады. Белинскийді Абай да өзінің ұлы ұстазы деп таныды.
Белинскийдің Пушкин туралы жазған үлкен еңбегін Абайдың зер салып оқығаны даусыз.
«Қазақ халқының XIX ғасырда оянуы мен жаңғыруына басшы болған Шоқан, Ыбырай, Абайлар Белинский ойлары мен өсиеттерінен, үлкен сындарынан мол нәр, тәрбие алған. Абай шығармаларындағы, Алтынсарин өсиеттеріндегі халық қамын жейтін сан толғаулары Белинский еңбектерінен ауысқан өнімді ойлар әсерін тану қиын емес», — дейді М.О. Әуезов.
«Кім де кім жаратылысында дарынды, талантты болса, сол ғана ақын болады. Бірақ ақындық таланттың да шама-шарқы бар, ол әркімде әртүрлі, әр дәрежеде болады», — дейді Белинский.
Абай шәкірт достарына ақындық туралы сөйлегенде: «Ол — қуат, табиғат сыйы. Ақындық шабыты шын келгенде, адамды қайта тудырып жібереді. Ол келгенде адам жай жабайы адам болмайды», — дейді екен.
Абайдың ақынға қоятын шарты: «Өнер өнер үшін емес, өнеге үшін» деген қағида. Осы қағидасын: «Мен жазбай-мын өленді ермек үшін» атты әйгілі өлеңінде ақын тілмен айтып берді.
Ақынға қоятын шарты осындай болса, ақындық өнерге қоятын талабы, қатал қағидасы – «өлең — сөздің патшасы». Олай болса өлеңнің биік идеялық мазмүнына түр көркемдігі сай болуы шарт, орынсыз бөтен сөз араласпауы керек. Ақынның өзін сөйлетейік:
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Абайдың ақын, ақындық өнер жайындағы бүл қағидасы өзі көп ізденіп, талғап барып, тандап тапқан, мол тағылым алған ұстаздары — Белинский, Чернышевский бастатқан орыстың ұлы революцияшыл-демократтарының эстетикасымен түбірлесіп, туысып жатады.
Туған халқын шексіз сүйіп, ел қамқоры болған Абай еңбекшілерді езуші бай-шонжарлармен, болыс, би, алаяқ, аткммінерлермен күреске белін бекем байлап шықты. Ақын өз өлеңінде соқтықпалы сокпақсыз жерде өскенін, мыңмен жалғыз алысқанын айқын айтқан.
Қалың елім, казағым, кдйран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың, —
деген Абай өлеңінен екі жақты езгіде отырған елі үшін ет бауыры елжіреп, ел тағдырын егіле, терең тебірене жырлаған нағыз азамат ақынның бейнесін көреміз.
Адасып аландама жол таба алмай,
Берік түзу жолға шык, камалмай.
He ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ,
Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай, —
деп халқына түзу жол көрсетті. Ол көрсеткен жолы, сілтеген бағыты — алдыңғы қатардағы орыс мәдениетіне, өнер-біліміне бастайтын жол.
Абай қазақ әдебиеті тарихында орыс халқының ұлы мәдениетін, орыс классиктерінің шығармаларын, казақ даласында мол насихаттаған тұңғыш ақын, ұлы ағартушы — демократ, халықгар достығының жалынды жаршысы болды.
Патша үкіметі, оның жергілікті жерлердегі мансапқор, топас әкімдері Россия империясының қол астындағы ұлтгарды езіп, қорлап, жәбірлеп, жауыздық үстем болып тұрған шақга, аз ұлттарға, жалпы еңбекшілерге шын адамгершілікпен қарап, орыс халқының адал жүрек, ізгі көңілін көрсеткен орыстың ұлы жазушы-гуманистері еді.
«…Халық орыс жазушыларын самодержавиеден, православиядан және солармен тілектес халықшылдықтан» қорғайтын көсеміміз деп санайды» — деген ақиқатты Белинский айтқан болатын.
Патшалы Россиядан, чиновниктер, помещик, алпауыт байлар үстемдік құрған Россиядан, Пушкин мен Лермонтовты, Герцен мен Белинскийді, Чернышевский мен Добролюбовты, Салтыков-Щедрин мен Некрасовты, Лев Толстой мен Тургеневті берген Россияны Абай айқын айырып, тани білді.
«Абайдың Пушкин шығармаларын өз оқушыларына жеткізуі — қазақ сахарасына орыстың ұлы мәдениетінің жарығын әкеп төккендей болды», — дейді М.Әуезов.
Пушкиннің нағыз мұрагері, Россия аспанынан қара түнекті қақ жарып, жай отындай жарқылдаған жалынды ақын Лермонтовты Абай ерекше бағалап, оның отызға тарта өлеңін аударды. Орыстың атақты мысалшы ақыны Крылов шығармаларын қазақ еліне мол танытқан да Абай.
Лермонтов және басқа орыс ақындарының аудармаларынан алып, дүние жүзі әдебиеті классиктері — Гетенің, Шиллердің, Байронның, Мицкевичтің кейбір өлендерін қазақ оқушысына ана тілінде алғашқы жеткізген де Абай.
Ұлы ақын осы аударма еңбегімен өз еліне өнеге көрсетіп: — Халқым, мен сендерді осылардай, бүкіл адам баласына қамқор болған, ұлы даналарды тудырған халықпен — орыс халқымен адал достыққа шақырамын. Орыс халқының мәдениетіне ұмтыл, өнер-білім үйрен! — деп жар салды. Оқудағы, өнер-ғылым табудағы мақсат — халыққа адал қызмет ететін азамат болу дейді Абай. Ең алдымен өз балаларын орыс мектебіне окуға берген Абай:
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім, —
дейді. Абай өлендерінің, қара сөздерінің көбі өнер-білім, адамгершілік, адал достық тақырыбына арналады.
Абай шығармаларының басты тақырыбының бірі — адал еңбек. Ол еңбекті, еңбек адамын ерекше жоғары бағалап, ардақтайды, мадақтайды. Өзінің нақыл сөзінде:
«Бақпен асқан патшадан, мыймен асқан қара артық, сақалын саткан кәріден, еңбегін саткан бала артық», — десе, адал еңбекті өзінің құлқыны үшін етпеу керек, адамшылық қарызы үшін ету керек деп білген. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оггаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, халықтың сүйген ұлы боласың», — дейді ұлы гуманист.
«Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» деген өлеңін:
Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек,
Еңбекті сат, ар сатып неге керек.
Үш-ақ нәрсе адамның касиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, —
деп қорытады ақын.
Еңбектен кашып, аранын ашып, өтірік-өсек айтып, арын сатып, қулық-сұмдыкден тегін мал таппақ болған «бойы бұлғаң, сөзі жылмаңдарды», «сабырсыз, арыз, еріншек, көрсеқызар жалмауыздарды» ажуа, мысқыл етіп, ашына жырлап, мазақ-масқара қылатын Абай өлендері — өзі бір сала.
1860 жылдар орыстың ұлы революционер-демократтары Чернышевский, Добролюбовтардың сыншылдық, қоғамдық озық ой-пікірлерінің Абай шығармаларына өзекті тақырып болып, шыншылдықпен жырланғанын көргеніңде, қатты толғанып, қуанасың, сүйсінесің.
Добролюбов өз заманында орыс жұртшылығына қандай әдебиет қажет екенін айта келіп, орыс ақын, жазушыларына әлеуметтік тұрғыдан талап қойғанда: «Жағымпаз жаршы да, даурыққан сыншыл да, тәтті тілді мақтағыш та қажет емес. Россияға шабытты, ызалы сатирик, ащы шыншьл сөздің тасқынын беретін ақын керек», — деген.
Абай заманындағы қазақ халқына да, сол Добролюбов айтқандай ақын керек еді. Сондай ақын Абай болды.
Мақтау — жел сөз жанға қас,
Қошаметшіл шығарған.
Бір мақтаса токтамас,
Ел табылса құмарлан.
Мен — мақтанның құлы емес,
Шын ақылға зорлық жоқ.
Антұрған көп пұл емес,
Өлім барда қорлық жоқ, —
деген Абай, өз тұсындағы қазақ кауымына, Добролюбов айтқандай, «шабытты, ызалы сатирик, ащы шыншыл сөздің тасқынын беретін ақын» болып, жауыздыққа қарсы аянбай алысты. Абайдың «Көжекбайға», «Болыс болдым мінекей», «Мәз болады болысың», «Байлар жүр жиған малын қорға-латып», «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» тағы басқа өлеңдерінен елін сатқан екі жүзді болыстарды, қу старшын, алаяқ билерді, арсыз атқамінерлерді, пасық байларды, өтірік арыз бергіш, өсекші сұмдарды «ызалы жүрек, долы қол, улы сыя, ащы тілмен» түйреп әшкерелеп, халық алдында оларды масқара етіп, жиіркенішті бейнесін жасап берген, нағыз сатирик ақынды көреміз.
Еңбекшілерді езіп, билеп-төстеп жүрген атқамінер, әкім ұлықтардың жексұрын сиқын ажуалап, әшкере ете отырып, Абай халқын ондай жауыздардан «жасқанбауға» шақырады:
… Ол болдым-ак, дей берер,
Бұлғак қағып басканға.
Елең кдғып елірер,
Алартып көзді аспанға.
Жайы мәлім шошқаның,
Түрткенінен жасканба! –
деп, ел-жұртына жігер-қайрат беріп, зұлымдыққа қарсы тұруға насихаттайды. Данышпан ақынның қаламынан қағыс қалған бірде-бір келелі тақырып жоқ-ау.
Бұрын қазақ поэзиясында болмаған: «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз», «Караша, желтоқсанмен сол бір-екі ай», «Қыс» сияқты көркемдік түр, идеялық-мазмұн жағынан тендесі жоқ тамаша табиғат лирикалары, бүкіл адам баласына ортақ, терең, нәзік сезім сырына толы адал махаббат лирикалары, философиялық, адамгершілік тақырыбына жазылған лирикалар, куаныш, күйініш жырлары, жарқын өзіл-қалжың өлендер, сағыныш, сәлем-хат түрінде жазылған өлеңдер, көніл күйі, ой-толқынынан туған туындылар акын, ақындық өнер, ән-күй, музыка өнері туралы өлеңмен түйінделген. Абайдың эстетикалық қағидалары — осының бәрі ақын поэзиясының үшан-теңіз байлығын, терендігін, көркем сөздің нағыз классик үлгісін танытады.
Абай — өлең кұрылысына бұрын болып көрмеген ондаған жаңа түр қосқан новатор ақын.
Ақынның «Масғұт», «Ескендір» сияқты дастандарының өзі бір төбе. Абайдың «Ғақлия» (Карасөз) деп аталатын қырықбес шығармасы, аударма еңбектерін атағанда, оның үстіне композиторлық өнерін қосқанда — ұлы ақынның дана ойшылдығына, үлкен ғалымның, демократ-ағартушының ірі қоғам қайраткерінің алып тұлғасына бас иіп, мақтан етесің.
Абай «соқгықпалы, соқпақсыз» заманда: «Жамандықты кім кермейді? Үміт үзген — қайратсыздык, Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан, көгі калың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді», — деген екен.
Абай арман еткен «жақсы жазы» қазақ даласына да жетті.
1981 жыл.