Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

ӘЛИФБИ

Әлифдек ай йузіңе ғибрат1 еттім, (4)

 Би, бәләи2 дәртіңа3 нисбәт4 еттім.

 Ти, тілімнән шығарып түрлі әбиат5,

Си, сәнаи6 мәдхия7 хүрмәт еттім.

Жем, жамалың8 кандай ақ рузи9 маған,

Ха, хөлиллик10 таппадым, жаным, сәнан.

Хи, халайық, мен емес, бәрі ынтизар,

 Дәл, дариға ғишық оты бермес аман.

Зәл, зәлиллік11 көрген соң, сайрай бер, тіл,

Ре, риза қылмағыңды, яр12, өзің біл.

 

 

1 Ғибрат (арабша) — үлгі, өнеге, нақыл, мағына.

2 Бәләи (арабша)  — пәле,қиыншылық.

3       Дәртіңе (дәрд) — түп мағынасы ауру, азап шегу; өлеңдегі магынасы — ғашық болып дерттену.

 

4 Нисбәт (арабша) — байланыс, бір нәрсемен байланыста болу. Бұл арада ем таптым деген мағынада.

5 Әбиат (арабша)    — өлең, жыр; бәйт сөзінің көпше түрі.

6 Сәнаи (арабша)   — сұлу, әдемі, шебер.

7 Мөдәх, мәдхия (арабша) — мақгау, өлең, ода.

8 Жамал (арабша) — көрік, сұлулық.

 9 Рузи (парсыша) — күн, күндей.

10 Хәлил (арабша) —     шын дос, сүйген жар.

11 Зәлил (арабша) —  азғын, жексұрын, қорланған.

12 Яр (парсыша)   — дос, сүйікті мағынасында.

 

 

Зи, зәһәрдай1 күйдірді ғишқың катты,

Сын, сәләмат калмағым болды мүшкіл.

Шын шикәр ләб2 есіме түскен сайын,

 Сат, сабырым калмады, мен не әйләйін.

 Зат, зайғ3 өмірім өтті менің бекер,

Тай, талаптан әйтеуір құр калмайын.

Зай, залым көп қылыш боп жанға оқталды,

Ғайін, ғақылымды басымнан тартып алды.

Ғайын, ғариблік басыма түскеннен соң,

Фи, файдаң тие ме деп жаза садды.

Қаф, қабыл болар ма екен жазған хатым,

Кәф, кәмил4 ақылың, асыл затым.

Ләм, ләбіңнен ем қылсаң мен дерттіге,

Мен, меһріңнен қалмас ед бар апатым.

Нон, налә ғып кайғыңмен күйдірдің көп,

 Уау, уәйлана5 ғишқың уайым жеп,

 һи, һеш файдаң тимесе өдді ойлаңыз, Ләм әлиф, лә иләһа илалла6 деп.

Я, ярым, калай болар жауап сөзің,

Мәт — касың, тәштит — кірпік, сәкін — көзің7.

Үтірмен асты-үстілі жазуда бар,

Болуға асты-үстілі көнсең өзің.

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники