Айгүл Ісімақова. АБАЙ МҰРАСЫ – БҮГІНГІ РУХАНИ ҚАЖЕТТІЛІК
Әр әдебиетте сол әдебиеттің шыңы — ойлау жүйесінің көркемдік үлгісі, шынайы рухани көркем кұндылықгардың сәтті бейнелеуінің түрі болып қала беретін тұлғалы шығармашылықтар бар. Осылар — А.Байтұрсынұлы айтқан дарынды сөз жүйесі. Дүниежүзілік әдебиетте бұл құбылыс Шекспир, Гете, Абай, Бальзак, Сервантес, Пушкин, Толстой, Достоевский, Шәкәрім, Алаш әдебиеті шығармаларында бүкіл адамзатқа қажет рухани ойлардың талқылауын ортаға салумен іске асырылды. Осы әдебиет — А.Байтұрсынұлы айтқан «адамның, елдің, яки бүкіл жұрттың келіссіз істерін, мінездерін, пиғылдарын» айтқанымен де санасы бар адамта рухани тәжірибе ретінде қажет ғибратты мұра. Аталған ойлар Абай шығармаларының тұңғыш теориялық зерттеушісі А.Байтұрсынұлы анықтағандай әуезе, толғау, айтыс, яғни сөздердің айтылу түріне қарай да айқындала түседі.
Абай бүгін XXI ғасырда қандай ойларымен қажет? Ол адам баласына (тек қазаққа емес!) әр уақытта маңызды болған «мәңгілік сауалдарды» қоя білуімен және сол сауалдарға жауап беруімен қажет. Оның осы жолдағы рухани ізденістерімен, сол басты кұндылықтарды анықтап беруі адамзат тарихыңдағы елеулі парасатты оқиға.
Сондықтан болар А.Байтұрсынұлының о баста Абайды «казақтың бас ақыны» деуі тегін емес.
Абай мұрасы адамды түсінуге қажет басты рухани құндылықтарды атап беруімен маңызды. Дүниежүзілік әдебиет — адамның рухани тәжірибесін бейнелеуімен, адамның кісілігін, пенделігінің әр қырын көрсетуімен қызықты. Данте адам баласының о дүниеде тірелетін өмірін көрсетумен дүниежүзілік әдебиетте оз тақырыбымен қалды. Оның «Божественная комедиясы» — дінтанушылар түршігетін тамұқ-тозақты суреттеген көркем нақтылықтың үлгісі. Бальзак «Адам комедиясын» жазумен бұл дәстүрді әрі қарай жалғастырды. Шекспир адамның пендешілігін, оның тән иесі екенін жан-жақты бейнелеп, дүниежүзілік әдебиеттанушылар мойындаған адамның әртүрлі нәпсіқүмарлық типтерін көрсетті: әділдік пен шынайылықты іздеген Гамлет пен нәпсінің құлы Отелло қарама-қайшы екі типтік күштің әсерін бейнелеуде. Бұл шығармалардың классикалық деп аталуы да тегін емес. Себебі бүкіл адамзатқа қажет рухани құндылықтар ізделінеді, олар жанның қиналысы кезінде анықталып, үлгілісі осы деп автор тарапынан оқырманға ұсынылады.
Әл-Фараби, Монтень, Шопенгауэр, Грасиан, т.б. аталған маңызды мәселелерді көтеріп, соған өз заманы талаптарына сай жауап берді. Көбінде бұл автордың монологы түрінде іске асқан. Абай осы қатардағы «мәңгілік сауалдарды» көркем сөзбен зерттеуді әрі қарай жалғастырушы екені де айқын. Абай өзіне дейінгі қозғалған «мәңгі тақырыптарды» әрі қарай батыл дамытып әкетті. Қалай? Абайдың лирикалық кейіпкері болсын, «Ғақлияның» айтушысы болсын: «осы ғана дұрыс» деген біржақтылықтан аулақ. «Қара сөздер» керісінше, бір қазақ емес, бүкіл адамзат үшін, адам баласына тән адамдықтың, адамшылықтың келбетін анықтауға, оқырманды ойлануға, толғануға, ішкі дүниесі — жанына үңілуге шақырады.
Абайды тану Әлихан Бөкейхановтың «Абай (Ибрагим) Кунанбаев (Мүнәһиб — Некролог)» атты мақаласынан басталады. Құранмен жетік таныс Абай аталған тілдердегі діни кітаптармен де таныс болғанын Ә.Бөкейханов осы мақаласында атап өтеді. Қажының баласы 20 жасар Абайдың ауылдың бірінші шешені аталуы да меңгерген білімнің арқасы, — дейді Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынұлы. Ол кездің шешені тек бүгінгі қызыл сөздің ғана емес, үлкен зиялы рухани парасаттылықгың иесі еді. Елге өз пікіріңді мойындату үшін билік қана емес, ғүламалық білім мен ілім қажет екені түсінікті. Монтень мен Шопенгауэрдің бір дауысты баяндаушысынан Абайдың айтушысы әлдеқайда кішіпейіл, мейірімді және шындықты оқырманмен бірге іздеуші. Иә, Монтень, Шопенгауэр, Грасиан кітаптары мемлекет билеушілердің жұмыс үстелінде жатады. Ал Абай кітаптары бүгінгі замандасымыздың жанқалтасында жүреді. Себебі Абайдың айтушысы тыңдаушының (оқырман) ойына тікелей әсер етіп, оның ойын жұмыс істеуге, яғни жанына әсер ететін сөздер арқылы ойлануға шақырады.
Абайдың басқалардан ерекшелігі Л.Н. Толстой қасірет ретінде нұсқаған «санасыз, ойсыз, жарым ес, өз ойында ар емес» (83) — ессіздіктен сақтайды, адам жанына не қажет деген сауалга жауап іздеуге, осы сауалдың адам үшін басты екенін алға тартады. Абайга дейінгі қазақ поэзиясы тұлғаның басына түскен қиыншылықтарды: қазақты отарлау, кеміту, шоқындыру т. б. рухани күйзелісті дағдарыстарды бейнелеген еді. Абай түңғыш рет сөз өнерін оның өз арнасына, өзінің басты тақырыбына бүрды. Соз өнері, әдебиет не үшін қажет? Көркем сөз қандай болу керек? Оның негізгі мақсаты не? Абай түңғыш рет қазақ тілінде осы сауалдарды қоя білді және соларға жауап іздеді.
Асыл сөздің міндетін, көркем деген сөздің мазмүнын дін, діл, философиялық категориялар арқьшы ашьш берді. Көркем создің қасиеті неде? Сөз коркем болу үшін оған қандай мазмүн мен түр қажет? Соз мазмүнды түрде айтылмаса ол қабылданады ма? Ол үшін қандай шарггар қажет? Осының бәріне Абай жауап берген. Себебі, Абай үшін әдебиет –
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Бүгін XXI ғасырда дүниежүзі әдебиетін қайта саралап шықсақ, оның үлгілі болып саналатындары адамды имандылыққа шақырып, пенденің адам жаны түршігетін істерден аулақ болуын көрсеткендері екені сөзсіз. Әр классик өз ұлттық тілінде имандылық құндылықтарды сол ұлтқа жақын бейне, образдар, метафора, теңеулер арқылы дәлелдеп берген екен.
Көркемдіктің негізгі мәні, мазмұны, тақырыбы қандай басты ойға бағыну керек деген сауалға Абай былай деп түйіндеп берді:
Әуелі аят, хадис создің басы,
Қосарлы бәйітсымақ келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса соз,
Неге айтсын Пайғамбар мен оны Алласы!
Демек, шынайы көркем мәтіннің ойы аят, хадистердегі имандылық, адамдықтың мәнін ашуға бағышталмаса, оның тез ұмытлуы да соның жоқтығынан екен.
Абайша көркем сөздің басты мақсаты Алланың сөзі мен Пайғамбардың іліміндегі кісіліктің үлгісін түсіндіру, имани сөздерді насихаттау, оны түсінуге, ойлауға, ессіздік, зұлымдық надандықпен күреске шақыру. Себебі мұсылман Абай үшін жан мен тән қажеттіліктері екі түрлі. Көркем сөздің XX ғасырдың басында А.Байтұрсынұлы айтқандай «жан қоштау керегінен» туғанын Абай о баста меңзеп берген екен.
«Әдебиет танытқыштың» «Аңдатуында» А.Байтүрсынұлы маңайымыздағы әлемнің негізі туралы былай дейді: «Біздің анық көріп, сезіп, біліп тұрған айналамыздағы нәрселердің бәрі не табиғат ісінен шықкдн жаратынды нәрсе, не адам ісінен шыққан жасалынды нәрсе… Табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрселердің бәрі табиғат дүниесі болады; адам ісінен шыққан жасалынды нәрселердің бәрі өнер дүниесі болады. Өйткені жасалынды нәрселердің істеліп шығуына адам ақылы, әдіс-амалы, шеберлігі, өнер күші кіріскен». Ал өнер деген не? А.Байтұрсынұлы оған былай дейді:
«Өнер түрлі болады. Біреулер үй салады, арық қазады, етік тігеді, арба істейді, киіз басады, ыдыс істейді, тағысьш тағы сол сияқты шаруға керек нәрселерді жасайды. Біреулер көрікті мешіт, көрнекті там, көркем сүгірет салады. Әдемі ән, әсерлі күй, ажарлы сөз шығарады. Алдыңғы өнер мен соңғы өнердің арасында айырым бар. Алдыңғы өнерден шыққан нәрселер күн көру ісіне керек шаруа керек-жарақтары. Мұны істегендер, «сұлуынан — жылуы» дегендей, көркем болуын көздемейді, тұтынуға қолайлы, жайлы, берік болу жағын көбірек көздейді. Екінші өнерден шыққан нәрселер, жылуынан гөрі сұлу болу көбіректен көзделгеннен, көзге көркем, көңілге жағымды болып істелген нәрселер: алдыңғы нәрселер адамның мақұлықтық жан сақтау керегінен шыққан нәрселер; соңғы нәрселер адамның жан қоштау керегінен шыққан нәрселер. Сондықтан алдынғы нәрселерді жасауға жұмсалатын өнер-тіршілік үшін жұмсалатын тірнек өнері болады да, соңғы нәрселерге жұмсалатын өнер — көркемшілік үшін көрнек өнері болады».
А.Байтүрсынұлы Абайдың жоғарыда теориялық тұжырымын осылай дамытып әкетеді. Көрнек өнері бесеу болса: сәулет (архитектура); сымбат (скульптура); кескін (живопись); әуез (музыка); бесіншісі — «нәрсенің жайын, күйін, түрін, тусін, ісін сезбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады (қазақша асыл сөз, арабша әдебиет, еуропаша литература)».
Абай сөзді айналаға емес, нақгы оқырманы, жанына жақын жолдасына айтқандай, сондықтан:
Сез түзелді, тыщдаушы, сен де түзел!
Сендерге де келейін енді аяңдап.
Қазақ сөз өнеріндегі әдеби-эстетикалық ситуация өзгергенін Абай-әдебиеттанушы осылай мойындата кетеді. Ақын Абай сөзді біреуге ұнау үшін, не болмаса мал үшін емес, адамның жанына қажетті болуына мән беріп осыны көздейді.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге…
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Кнағат, рақым, ойлап қой
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Сондықтан ақын оқырман талғамының да (рухани, этикалық, эстетикалық т.б.) дамуын талап етеді. Ақын сөздің мағыналы болуын, оның адамның рухани әлемін анықтайтын оң мен сол, дұрыс пен бұрыс, адалдық, сабыр, ар, ұят, ақымақ, ақыл, намыс, ғылым, ілім түсініктерін нақгылауға, жамандықты жиіркенішті, жақсылықты өнегелі, үлгілі екенін алға тартады.
Бойда қайрат, ойда көз,
Болмаған соң айтпа сөз.
* * *
Біріңді қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос.
Адам баласын не аздырады? Әрине, рухани салғырттық.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын.
Сөз өнері адаммен бірге о баста жаратылған:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең!
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы, бос қақпай елең-селең.
Сөздің асыл болуын о баста мақсат қойған Абай жоғарыда аталған көркем түрдің адам жанына әсер ету үшін мағынасы түзу, түрі анық болуын талап етеді:
Мақсатым — тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданшыл сөзін қойып, көңілін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ!
Бұл ойды А.Байтұрсынұлы жалғастыра түседі: «Басқа ақындар аз білімін сөздің ажарымен толтыруға тырысқан, Абай сөздің ажарына қарамай, әр нәрсенің бар қалыбын сол қалыбынша дұрыс айтуды сүйген».
Мағынасы терең, ғүлама мазмұнды ғибратты ойларды Абай шағын өлең жолдарымен түйіндеп береді. Сөз өнері адам жанына қалай әсер етеді деген сауалға Абай былай меңзейді».
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған…
Көркем шығарманың рухани азығы, адам жанына қажетті ойы болуын талап еткен Абай бұл жөнінде де нақты «ынсап, үят, терең ой» болуын шартты дей отырып, «үят пен ардың» оянуын алға тартады. Өлеңді «Сегіз аяқ» атауы да тегін емес. Сегіз жолдан түратын өлең әр шумақта жаңа ойды дамытып, күрделі пәлсапалық мәселелерді ойда қалуға ыңғайлы қысқа сөйлемдермен түйіндеп отырады. Қазақ көшпелі өмірінін «кітапханасы» ауылдағы зерек азаматтардың бірінен-бірі ұстаз іздеген шәкірттер арқылы осылай ыңғайлы түрде таральш
отырған.
А.Байтұрсынұлы айтқандай Абай шығармаларының «Сөзі аз, мағынасы көп, терең… Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қаласың. Не нәрсе жайьшан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, окушылар біліміне сын болып,емтихан болып табылады! Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды» (1,155).
Осыншама ілім мен білімді Абай қайдан тоқытан деген сауалға А.Байтұрсынұлының дерегі бар; «Абай 10 жасынан 13 шейін қырда мұсылманша оқыған. Он үш жасқа шығарда Семейде Ахмед Ырзаның медресесінде окыған. Медреседе оқып жүрген кезінде 3 айдай орысша оқып, сонымен окуды қойған. 15 жасында-ақ балалық қылмай, үлкендердің қатарына кіре бастаған. Әкесіне серіктікке жарай бастаған. 20 жасында ел ішіндегі белгілі бір шешені атана бастаған. Зеректікпен естігенін ұмытпаған… Заман бұрынғыдай болса, Абай Алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз».
Абайды замандастары қолдады ма? Оның Хакімдік ілім-білімінің қадірін бағалай алды ма деген сауалға Ахмет Байтүрсынүлы былай жауап берді: «Біліммен би болып, жұрт билейтін заман өтіп, тасың би болатьш заманға карсы туған. Білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билейтін заманға қарсы туған. Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған, жүрттың беті малға ауып, ел билігі Абай қолына еркін тимеген».
Сондықган Абай «Өлеңге басқа көзбен кдрап, басқа құрмет, ықыласпен күтіп алып, төр түгілі, тақтан орын берген» (2,157). Тура бүгінгі заман.
Абайдың мағыналы, маңызды, терең сөздерінсіз кейінгі қазақ әдебиетін елестету мүмкін емес. Алаштың асыл азаматтары, қазақтың түңғыш саяси элитасы атанған ерлері: Әлихан, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек, Шәкәрім, Сүлтанмахмүт, Ілияс, Мағжандар оз шығармашылығын Абайға арналған өлең, мақадаларымен аідқан. Абай қазақ әдебиетінің жүлдыздары орнын түзейтін Темірқазығы атануы да сондықтан.
Себебі Абай заманына сай білімі болғандықтан сөздің көркем болуының мәнін, сырын біліп, созге шынайы мағынасын берген.
Ақын «жұрт мағына жоқ, маңыз жоқ, желдей гулеп, кұлаққа дыбысы тиіп өте шығатын жеңіл сөздерді тыңдауға құмар» екендігін де білген. Бірақ Абай мұндай жылтыр сөздерден аулақ болған. А.Байтұрсынұлы осы орайда «Қазақтың бас ақыны» мақаласында былай дейді: «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдын шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған» (2, 158),
Ақынның «Қара сөздерінде» аталған ойлар жан-жақты дамытылып зерттеледі. Әр сөздің өз тақырыбы, өз мақсаты, талдау дәлелі бар.
Бірінші сөзінде Абай «Қара создерін» не үшін жазғанын түсіндіре кетеді. «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік… Енді жер орта жасқа келдік: қажыдық, жалықтық… Ал енді қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» (89).
Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, сопылық қылып дін бағу — бұның бәрін маңызды екенін түсінгенімен Абайдың мақсаты басқа: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бойладым…» (89).
Бүгінгі XXI ғасырдың қазағына қажет Абайдың өлеңдеріндегі басты ойлар осы «Қара сөздерде» жан-жақты дәлелденген, сондықтан бұл асыл сөздерді Құранда айтылган «Көркем сөздер» деуге әбден орынды… «Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! (үрпағым)» (38 сөз). Бұл сөздер тек қазаққа емес, ақылды, зерек адам баласына арналған. Адам мен ғалам, дін мен пенде, Жаратушы мен жаралған; тіршіліктің сыры, адам өмірінің мазмұны мен мәні; адамдық, имандылық, халал мен харам, болыс пен билік, біліктілік, салғырттық, сабырлық, талаптылық — осының бәрі жан талдауына түседі. Әлбетте мұндай көркем сөз ғибратты, оң дұрыс мазмұнды болуы шарт. Осындай сөздер туралы Ахмет Байтүрсынұлы: «көркем сөз -лүғаты анық, ғибратты оң, халыққа дүрыс пікір беруі қажет» — деген.
Төртінші сөз: «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұл дүниенің рақатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз босқа, жарамсыз қылықпен қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды». Осылай болмас үшін не істеу керек?
Мағжан Хакім деп тұңғыш рет атаған Абай бүған былай жауап береді: «Әуелі Құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбегінді сау, еңбек қылсаң қара жер де береді, құр тастамайды». Бірақ ол еңбекті іскер де, қылмыскер де жасайды. Айырмашылығын Абай анықтап береді. Жетінші сөзде ақын адамның Тән құмары (ішсем, жесем, ұйықтасам) мен Жан қажеттіліктерін (білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен, Аллаға мінәжөт етсем екен дегендер) ажыратып береді.
Адам жаны мен хайуан халі туралы жетінші Сөзде: «Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, еш нәрсеге көңілмен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік.
…Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта бала күнімізде жақсы екенбіз…» (8). Кейін Шәкәрім «Шын бақтың айнасында» осыны дәлелдей түседі. Көңіл деген не?
Он сегізінші сөз: «Байлар кім? Қазақ кім? Ішім өлі, сыртым сау кім? (9); Құдайдан нені, қалай тілеу (10); Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың тоқтаусыз кеткені не? (11);
Иман туралы он екінші Сөзде: адамның осы туралы білімі болуы мүмкін, ия, намаз, оразасы бар пірәдар болады, басына шалма орауы да мүмкін, бірақ: «Күзетсіз, ескерусіз иман түрмайды, ықыласыменен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды».
Иман деген не? (Он үшінші сөз). Абай бұны мұсылманша анықтайды: «Иман деген — Алла Табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз, бірлігіне, барлығына да әртүрлі бізге Пайғамбарымыз саллалаһу ғалейһи уа-саллам арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойынсұнып, инанмақ».
Мен мұсылманмын деп жайбарқат жүруге бола ма? Бүған хакім былай дейді: «Иманды сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен». Он төртінші сөз: Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені — батыр кісі дегені».
Абай осыған нақтылықты қосады: «Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі істе.адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі демек, бұлар — жүрек ісі (102). «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады».
Бүгінгі XXI ғасырдың адамы осылай ойламаса оны басқалармен не біріктіре алады?
Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің айырмашылықтары туралы он бесінші сөз: «Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дұниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ болмаса не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?»
Он алтыншы сөз: қазақтың тілі өзге жұрттан бөлекше жаралып па? Себебі қазақ құлшылығым Құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. Себебі бәрі адам баласына ортақ; жігерсіздік, немқұрайлық. Ол туралы он жетінші сөз; «Қайрат, ақыл, жүрек айтысып, ғылымға жүгінген екен. Бұл да адам баласына ортақ. Ғылым үшеуін де тындап, әрқайсысының жөнін түсіндірген. Қайрат пен ақылға жақсы да, жаман да сүйенеді, екеуінің де іздегенін тауып беріп жүрсіндер, соның жаман, — депті». Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім, -депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды.
— Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-ділі құмар болады, Көнбек түтілі куанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгілі жиреніп, үйден қуып шығарады.
— Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сені де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, — деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам — сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшьшық сонда, қалпынды таза сақта, Құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы», — депті.
XXI ғасырда Елбасымыз Қазақ жерінде тұңғыш рет діндер симпозиумын өткізуі де — осы Абайдың ісінің жалғасуы. Текті діндердің мақсаты бір — жүректің айтуымен жүру. Осы арқылы діндер диалогы іске асуы да тегін емес.
Он сегізінші сөз: «адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озбақ. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де — ақымақтық». Бұл бүгінгі көлік, ғимарат үй, мұнайымен астым дегендер үшін.
Он тоғызыншы сөз. «Білімді адам кім? Себебі адам туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады… Білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады.
Жиырмасыншы сөз: тағдырдың жарлығы озгерілмейді.
Жиырма бірінші сөз: адам баласы мақтаннан аман болмағы — қиын іс.
Жиырма екінші сөз: қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді кадірлеймін деп ойладым (бай, кедей, мырзалар, болыстар, билер…)
Жиырма үшінші сөз: қазақтың бір куаныш, бір жұбанышы туралы .
Жиырма төртінші сөз: қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтъшығы, мал іздеу, өнер іздеу жұрттарда ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз.
Жиырма бесінші сөз: Кұдайдан қорық, пендеден үял, балаң бала болсын десең — оқыт, мал аяма!
Жиырма алтыншы сөз: қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ…
Жиырма жетінші сөз: Сократ хакім мен Аристотель шәкірт диалогы. Адам баласының қамын Алла әуелде жоғары еткені…
Жиырма сегізінші сөз: Ей, мұсылмандар! Жұрт та, мүлік бәрі Құдайдың өзінікі. Әуелі иманды түзетпей жатып, Қылған ғибадат не болады? Жақсылық, жамандықты жаратқан Құдай, бірақ қылдырған Құдай емес, ауруды жаратқан -Құдай, ауыртқан Құдай емес. Байлықты, кедейлікті жаратқан Құдай, бай қылған, кедей қылған Құдай емес деп, налып ұқсаң болар, әйтпесе — жоқ.
Жиырма тоғызыншы сөз: қазақ мақалдарының неҚұдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны бар: алтын көрсе періште жолдан таяды.
Отызыншы сөз: мақтан не керек?
Отыз бірінші сөз: бұл төрт нәрсе күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрсе, ой кеселдері — уайымсыз салғырттық,ойыншы-күлкішілдік, я бір Құдайға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу…
Отыз екінші еөз: білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға білмек талаптың шарттары бар.
Отыз үшінші сөз: мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды.
Отыз төртінші сөз: адам баласына адам баласы бәрі — дос.
Отыз бесінші сөз: Абай мен Шәкәрімді сопы дей алмаймыз, «Сендер дүниеде қажеке, сопеке, мырзеке, батыреке атандыңдар». Ол дүние мұнда жоқ. Енді сұрау беріңдер!»
Отыз алтыншы сөз: кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген.
Отыз жетінші сөз: «Әкесінің баласы — адамның дұшпаны. Адамның баласы — бауырың».
Отыз сегізінші сөз: Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Бұл сөзде Адам үғымының негізгі мінездері, бүгінгі мұсылмандық үлгісі, сипаты, бүгінгі уағыз, намаз. XXI ғасырдағы адамға қажеттілер айқындалған.
Сондықган Хәкім сөзі бүгінге қажет уағыз. Білім, ғылым, иман не үшін қажет? Алла үшін бе? Өзіміз үшін бе? Себебі Жаратушы — өлшеусіз, біздің ақылымыз — өлшеулі осыны есте сақтасақ екен.
Алланың сөзін қолдау (қаріпеіз, дауыссыз) мен ғылым кұдіреті дегеніміз не? Алланың есімдері, жан мен тән қажеті, махаббат, ынсап, ұят түсініктері нақтыланып берілген (133-6.).
Мұсылмандықтың шарттарын да (Пайғамбар, әулие, хакім, кәміл мұсылмандар) Абай бізге түсіндірген екен: «Бәріміз әулие болып тариқатқа кірсек, малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді?» Себебі: «Ғүмыр өзі — хақиқат. Растың бір аты — Хақ, Хақтың бір аты — Алла».
Адам неден жирену керек? «Күллі адам баласын қор қылатын 3 нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі — білімсіздік, надандық, екіншісі — еріншектік (талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік), үшінші — залымдық (адам баласының дұшпаны). Бұлардың емі — махаббат, қайратты, ғаділетті ісің, білімің ғылымың». Мұсылмандардың басқа діннен айырмашылығы неде? Бұған Хәкім былай деген: «Иман екеу мес біреу…» Бүгінгі молданың уағызын Абай осылай кестелеп берген екен. Осы ретте намаздағы әр қозғалысының мәні сипатталып берілген. Әрқайсының ерекше мәні, белгісі бар екенін.
Абай — ұлттықгы адамзаттықтың айнасы деп, әкенің емес, адамның баласы болуды алға тартады. Бұны түсінбеген ел төзуден басқа амалы қшімас.
Реттілік пен адамдық деген не? Дін мен ғылым, дұрыс пен бұрыс деп нені айтамыз? Бас-басыңа би болмай, бірігіп ел болып іске кірісудің жөнін де Абай айтқан Отыз тоғызыншы сөзінде: Елбасы, топ басы деген түсініктер берілген (146). Ата-бабалардың артық екі мінезі көрсетілген. Арлылық. намыстылық, табандылық пен намысқорлық. Бұл нағыз ерлердің бойынан табылған қасиеттер екені де анықталып дәлелденген. Қырқыншы сөзде: пендешіліктің түрлері айтылған.
Қырық бірінші сөз: Қазаққа ақьш берем, түзеймін деген адамға екі нәрсе керек: 1) бек, зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек; 2) есепсіз бай боларға керек. Не үшін екені талданып берілген.
Қырық екінші сөзде жұмысы жоқ адамның немқұрайлығы, еріксіздігі айқындалған. Қырық үшінші сөзінде адам үғымы екі нәрседен — бірі тән, бірі — жан екені, олардың адамды қалай билейтіні қарастырылған. Қырық төртінші сөзде талапсыздық адам баласының ең жаман қасиеті деп тұжырымдаған. Кырық бесінші сөзінде Абай: «Біз жаратушы емес, Жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз…», — дей келе ақын қазақ жұртын Иманға, Алла жолына шақырады.
Адамшылықтың алды — махаббат, ғаделет, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтүғын да жері жоқ. Махаббат сезімі кімде көбірек болса, ол кісі — ғалым. Себебі: «Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралын, жасальш қойған нәрселерді сезбекпіз. Көзбен көріп, ақылмен біліп».
Абай — қазақтың бас ақыны. Бұны өткен XX ғасырда Ахмет Байтұрсынұлы айтып қана қоймай, дәлелдеп берген.
Қазақгың бас ақыны болғандықтан Абай ұлттың — қазақтың касиеттерін көрсетті, ұлттың болмысы, оның рухани моделін анықтау арқылы адамзаттық адамдық үлгіні меңзеді. Бұл классикалық мұра Алла мен Адам, адам мен болмыс, адам мен ғалам, адам мен оны Жаратушы, адамдық пен надандық, адам болу үшін қандай қасиеттер қажет деген сауалдарға нақгы, дәлелді жауаптар берумен құнды.
Сондықтан Абай бүгінгі технологиялық ақпараттарға ғана қызығып, саяси оқиғаларды қызықтаумен ғана шектелген қауым үшін керек ғибратты асыл рухани көркем мұра.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. А.Байтүрсынүлы. Әдебиеттанытқыш. 5 томдық шығармалар жинағы, T.1 — Алматы: Алаш, 2003.
2. Сонда.